КЕҢЕС ОДАҒЫ БАТЫРЫ АТАҒЫНА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМБЕТҚҰЛ ЖИЕНБАЕВ

image_pdfimage_print

КЕҢЕС ОДАҒЫ БАТЫРЫ АТАҒЫНА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМБЕТҚҰЛ ЖИЕНБАЕВ
Жиенбаев Үмбетқұл – Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Ақжар ауылында шаруа отбасында туылған. 1955 жылы Алматы мемлекеттік мұғалімдер институтын сырттай тәмамдап, биолог мамандығын алып шығады.
1942 жылы Жамбыл аудандық әскери комисариатының шақыртуымен соғысқа алынады. Сол жылы Оңтүстік Оралы әскери округінің 2-қосалқы атқыштар бригадасы, 45 саперлік ротада қатардағы жауынгер, 1942-1944 жылдары Солтүстік –Батыс майданының 1391 инеженер саперлік батальонында, 1944-1945 жылдары 1,2-Белорусь майданында қатардағы жауынгер болады. Ал 1945-1947 жылдары Оңтүстік Орал әскери округінің 239 бөлімшесінде сапер, инженер қызеттерін атқарады. Соғыс бітіп, елге оралған соң «Ақжар» колхозында есепші көмекшісі болады. Білімін толықтыру мақсатында 2 жылдай педагогикалық училищаны оқиды. 1950-1952 жылдары
Ақжардағы 7 жылдық мектепте мұғалім, 1955-1967 жылдары Свердлов ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім, меңгеруші, 1967-1983 жылдары сол аудандағы С.Сейфуллин атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болады. Саналы ғұмырын балаларға білім берумен өткен Жиенбаев үмбетқұл 1983 жылы зейнетке шығады.
Негізі. ЖОМА. Қ.4П Т.1 (қос) Б.8 Іс.1963
Марапаттау құжаты “Ұмытылған қаһармандар” кітабынан алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған