Көрнекті абайтанушыға арналған көрме

image_pdfimage_print

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың бай мұрасын зерттеп-зерделеу, насихаттауға әдебиетшілер зор үлес қосты. Соның арқасында Абай мұрасы кеңінен зерттеліп, басқа халықтардың тілдеріне аударылып, көкжиегін кеңейтті. Әрине, ұлы ақынның мұрасын халыққа таныту дегенде алдымен жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабын мақтан етеміз. Қазақ әдебиетінің зор жетістігі болып саналатын бұл кітап бірнеше тілге аударылып, әлемге танылды.
Ұлы Абайдың мұрасын зерттеушілердің бірі, көрнекті ғалым, белгілі абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы. Қазақ руханият әлемінде өзіндік орны бар айтулы ғалым биыл 90 жасқа толып отыр. Осыған орай Жамбыл облысы мемлекеттік архиві көрме залында көрнекті ғалымға арналған көрме ұйымдастырды. Онда ғалымның Абай мұраларын ұзақ жылғы зерттеу барысында абайтануға қосқан қомақты үлесінен хабардар ететін құжаттар қойылған. Мұнда ұлы ақынның телегей-теңіз мұрасын жаңа тұрғыдан зерттеп, Абайдың тек қана қазақ халқына ғана емес дүниеге ой салар ойшыл тұлға екендігі айтылған.
Сондай-ақ, көрмеге ғалымның әр жылдардағы ағартушылық, ғалымдық қызметінен түсірілген фото-құжаттар қойылды.
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы
С.Зейнуллаұлы

You may also like...