ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ: Кәрімбай Қошмамбетов

Кәрімбай Қошмамбетов ескерткіші – Абай көшесі бойындағы орталық қалалық саябақта орналасқан. 1959 жылы тұрғызылған ескерткіштің мүсіншісі – М. Куров.
Қоғам қайраткері Кәрімбай Қошмамбетов Әулиеата өңірінде халықтың әлеуметтік тұрмысын көтеруде аянбай еңбек еткен азамат. Ағартушылық қызметті де қатар атқарған. Ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Қазақ жастарының революциялық ұйымын құруға белсене қатысты. Қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың сенімді серігі болды. 1922-24 жылдары Әулиеата уездік атқару комитетінің мүшесі болған ол кейінірек сауда халық комисарының орынбасары, Алматы облысының Іле аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды.