«Еркін елдің ұрпағы»
«Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» КММ «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай өткізілген «Еркін елдің ұрпағы» атты дөңгелек үстелге мекеме тарапынан жоғарғы санатты архивист Кулибаева Гаухар Ынтымаковна, архив қоймасының меңгерушісі Секирбекова Сауле Байжановна, архивист Абдыкаримова Меруерт Кенжегуловна, қатысты.
Мұндағы мақсат, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында зиялы қауым өкілдерінің парасатты пікірлерін кеңінен жастарға ұғындыру.
Республика күніне арналған мерекелік іс – шара жоғары деңгейде өтті, соңында Алғыс хаттармен марапатталды. Келген қонақтар ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.