Электронды цифрлы форматқа көшірілген архив сақтауындағы құжаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында мекемеде тексеру комиссиясы құрылып, зерделеу жұмыстарын бастады
Электронды цифрлы форматқа көшірілген архив сақтауындағы құжаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында мекемеде тексеру комиссиясы құрылып, зерделеу жұмыстарын бастады.
Pdf форматқа көшіру жұмыстары бойынша архивтегі комиссия мүшелеріне мекеме басшысы К.Сәттібайұлы, төрайымы А.Тыныбекова басшылық жасаса, құрамына бөлім басшылары Д.Джайшыбекова, С.Зейнуллаұлы, Г.Кулибаева, Е.Әбілтаев енді.
Алғашқы жұмыс күнінде №1 қордың жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгені қор істерімен салыстырылып тексерілді.