Электронды архив құру – заман талабы

image_pdfimage_print

Елбасының тапсырмасына орай барлық саламен бірге архив саласы да цифрландыру түріне көшіп жатқанын көпшілік біледі. Облысымызда 2012 жылдан бері архив қорларында сақтаулы құжаттарды цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 03.12.2019 жылға дейін парақ 3 428 968 болатын 37668 тарихи құжат цифрланған. Құжаттар электронды-сандық форматқа заманауи, шапшаң сканерлермен кәсіби деңгейде жоспар бойынша көшірілуде. 2018 жылы  облыс басшылығының қолдауымен облыстық архивке құжаттардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай автоматтандырылған архив жүйесін құруға тапсырыс беріліп, «Электронды архив» бағдарламасын іске қосылған. Бұл бағдарлама архив қызметкерлері мен пайдаланушыларына көптеген жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Оның ең басты тиімділігі – жұмысты оңтайландыруы, бір тетік арқылы бірнеше есеп дайындап, қажетті құжатқа жылдам қол жеткізу мүмкіндігі. Бұл және өзге де архивтегі ақпараттық жүйелеу, техниканың үздіксіз қызмет жасау сынды қызметтерді Ақпараттық технологиялар бөлімі атқарады. Бөлімнің жұмысын бөлім басшысы Руслан Аманжолұлы Суюнов үйлесімді ұйымдастырады. Технология бөлімінің инженер-бағдарламалаушылары компьютерлердің жұмыс істеу кезіндегі ақауларды дұрыстап және дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды. Бөлімнің  мақсаты еліміздегі архивтер мен басқа да мекемелермен жаңа бағдарламарды, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу, ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану мәселелері бойынша ведомстволық мекемелермен, ғылыми мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау.

You may also like...