«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ-ДАРА ЖОЛ»

       1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Еліміздің дамуына өз үлесін қосып, Тәуелсіз Қазақстанды жоғарғы деңгейге жеткізе білген, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
       Осы мерекеге орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1992-1994 жылдар аралығындағы Жамбыл жеріне келген жұмыс сапарларының көріністерін беріп отырмыз. Мұнда 1994 жылы Елбасын әуежайдан қарсы алу сәті, сол кездегі облыстың тізгінін ұстаған басшылармен, «Ұлан» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Ақалтеке жылқы тұқымдас өсіретін шаруа қожалығындағы, Тараз қаласында орналасқан «БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысу сәттерінен суреттер берілген.
Аталмыш көрмені “Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы” ШЖҚ МКК қызметкерлері тамашалады.