Директор парақшасы
Кожаханова Лаззат Серикбековна 1971 жылы 26 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Эколог» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қайнар университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988-1990 жылдары Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылы, Пионерлер үйінде үйірме жетекшісі болып бастаған. 1990-1991 жылдары Жамбыл облысы, Сарысу аудандық коммунистік партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1991-1992 жылдары Жамбыл облысы, Сарысу аудандық социалистік партиясының хатшысы қызметін атқарған. 1992-2007 жылдары Сарысу ауданының мемлекеттік архивінде 1-ші, 2-ші категориялы мұрағатшы қызметін атқарған. 2007-2023 жылдары Сарысу ауданы мемлекеттік архивінің директоры қызметін атқарған. 2023 жылдың 27 наурызынан Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Үйленген, 1 ұл,3 қыздың анасы.