ДІҢГЕГІМІЗ – ДІНІМІЗ

image_pdfimage_print

Облыстық мемлекеттік архивте сақтаулы құжаттарды ақтарғанда, облыс аумағында ортағасырлық бірнеше мешіттер мен моншалардың табылғаны жөнінде мәліметтерді көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Қарахан әулие кесенесінің жанындағы ортағасырлық жерасты мешітінің ашылмаған құпиялары бар екені сөзсіз. Осы өңірде ислам дінінің тарауына үлкен ықпал жасаған Тараз және оның айналасында мешіттер өте көп болған. Мәселен, 21-қорда сақтаулы құжатта 1930-1939 жылдары Жамбыл қаласында 33 мешіт, 4 шіркеу болған екен. Сол мешіттердің 16-сын мемлекет әр түрлі бағытта қойма, кеңсе, шаруашылық ғимараты ретінде пайдаланса, осындай күйді шіркеулер де басынан өткізіпті. Жалпы, билік өзгерген сайын, жаңа діни ағымдар салтанат құрғанда алдымен қирауға мешіттер ұшыраған. Қазба жұмыстары көрсеткендей, ата-бабаларымыз мешітті сәнді салуға ерекше назар аударған. Сондай дәстүр қазір де жалғасын тауып жатқанына қуанасың.

You may also like...