Д.ҚОНАЕВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА – 110 ЖЫЛ

image_pdfimage_print
АРХИВТЕГІ Д.ҚОНАЕВ БҰРЫШЫ
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына биыл 110 жыл толып отыр.
Осыған орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің кіші көрме залында Д.Қонаевқа арнап бұрыш ашылды.
Мұнда химия алыбы атанған аймақтың дамуына сол кездегі мемлекет басшысы Дінмұхамед Қонаевтың Жамбыл облысына іс-сапарларынан көріністер, фосфор кенін өңдеу зауытының салынуына байланысты Жамбыл қаласының құрылысы туралы қағида көшірмесі, Қонаевтың Жаңатас қаласына жұмыс-сапарының көріністері, фотоальбомдар мен суреттері бар.
Жамбыл қаласында 1957 жылдан бастап жаңа құрылыстар бой көтере бастады. Алғаш Ленин алаңы салынды. Қаланың бас жоспары жасалды. Бұрылыс жұмыстарын жүргізуге Ташкент қаласынан архитектор Камиль Рахмати шақыртылып, ол 1980 жылдарға дейін облысымыздың Бас архитекторы болды. Архивте ескерткішпен әкімшілік ғимаратты салуға рұқсат берілген Д.Қонаевқа жазылған архивтік құжаттар да көрініс тапқан.

You may also like...