6 ҚАЗАН – ЕСЕПШІЛЕР КҮНІ

        Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бас есепшісі Мәншүк Қалдыбайқызы Жақашбаева ҚР Есепшілер күніне орай жауапкершілігі үлкен есеп қызметіндегі жемісті еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Жүнісбайдың Алғыс хатымен марапатталды.
Марапатты арнайы мекеме директоры, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы табыстады.



Төле би даңғылы бойына қойылған баннерде архив директоры Көсемәлі Сәттібайұлының суреті қойылған

       Ағымдағы жылдың 1 қазан күні 2020 жыдық тарихы бар Тараз қаласы күні тойланатын болады.
       Қала күні мерекесіне орай қаламыздың дамуына үлес қосып, еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың суреттері бейнеленген баннерлері қаланың орталық көшелеріне қойылған болатын. Төле би даңғылы бойына қойылған баннерде жазушы, журналист, облыстық архив директоры Көсемәлі Сәттібайұлының суреті қойылған.



«АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..»

      
         Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушы, журналист, мекеме директоры Көсемәлі Сәттібайұлының «Жамбыл-Тараз» газетінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №40 санына «АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..» атты мақаласы жарияланды.



Бауыржан Момышұлы жайлы ақпарат беретін парақшасының негізін қалаушы Қуантай Сәт Айтуғанұлы келді

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивіне халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы жайлы ақпарат беретін @baurzhan_momyshuly инстаграм парақшасының негізін қалаушы және жетекшісі Қуантай Сәт Айтуғанұлы келді. Батыр атамыздың өнегелі өмірі мен жетістіктерінен сыр шертетін фотоқұжаттар мен құжаттармен танысып, тың деректер ала білді.




«АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..»

         Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушы, журналист, мекеме директоры Көсемәлі Сәттібайұлының «Қазақ әдебиеті» газетінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №37 санына «АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..» атты мақаласы жарияланды.



МАЙДАНГЕР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІНІҢ МҰРАСЫ АРХИВКЕ САҚТАУҒА ҚАБЫЛДАНУДА.

МАЙДАНГЕР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІНІҢ МҰРАСЫ АРХИВКЕ САҚТАУҒА ҚАБЫЛДАНУДА

Әлі Бекқұлы Әліұлы көпшілік оқырмандарға таныс деп ойлаймыз. Өз ауданы Тұрар Рысқұлов ғана емес, облысқа танымал өлкетанушы, ауданынның құрметті азаматы, ардагер ұстаз.
Жер жаһанды кезбесе де Ресей, Белорус елдерінің біраз жерлерін шарлап, оның ішінде Ленинград,Петербург, Новгород,Тверь, Волоколомск, Зубцовск, Ржев, Великие Луки, Смоленск, Псков, Воронеж, Тула, Минск, Гомель, Брест қалаларына барып, жауынгерлер зиратын тауып, ресми деректер мен құжаттар жинаған. «Парыз» қоғамдық бірлестігін құрып, жат жерде қаза тапқан жамбылдық майдангерлер жөнінде келер ұрпаққа мол мұра қалдыра білген жан. Осы майдангерлер туралы деректерді жинастырып, көпшілікке «Парыз» атты кітабын ұсынды. Кітапта көпшілікке беймәлім жандардың есідері мен құнды деректері қамтылған.
Осы ретте қазыналы қарттың мұрасын архивке қабылдап, жас зерттеушіге жеткізуді архив қызметкерлері місе тұтты десек артық айтқандық емес. Ізгілікті істі өзі бастап, архивке Ресей Федерациясының Белгород, Ворнеж, Псков, Ржев, Брянск әскери комиссариаттарынан алынған жамбылдық майдангерлер тізімі, Брест қамалын қорғаған майдангерлер, хат алмасулары, «Парыз» атты кітабы, мараппатаулары, өмірбаяны мен жеке бас суреттері облыстық архивке қабылдануда.
                     



МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.
Бүгін, яғни 01.09.2022-жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізге жолдау жасады. Жолдау бағдарламасы 10 бөлімнен тұрды.
Мемлекет басшысы ел өмірінің әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларының өзекті мәселелерін тілге тиек етті.
Жолдаудың толық видеосын https://kaz.tengrinews.kz/…/tokaevtyin-kazakstan…/ – сілтемесінен көре аласыздар.