Динара Жайшыбекова «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫН» алды

        Елімізде Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына елеулі үлес қосқан азаматтар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жамбыл облысы бойынша өңіріміздегі сайлау науқанында белсенділік танытқаны үшін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫН» облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов өз қолымен табыстаған болатын.
       Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы және облыстық мемлекеттік архивтің Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Динара Әмірханқызы Жайшыбекова аталмыш алғыс хатпен марапатталды.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын.
 



Мекеме қызметкерлері ел болашағы үшін сайлауға барып, дауыс берді

       




«Ақ жол» газетінің ардагерлері арнайы төсбелгімен марапатталды

          Кеңестік заманнан бүгінге дейін елдің мүддесін күйттеп, халықтың мұңын жырлап жүрген «Ақ жол» газетіне биыл бір ғасыр толып отыр. Ағымдағы жыл бойы газеттің 100 жылдық мерейтойына орай республикалық, облыстық деңгейде түрлі жиындар өткен болатын. Бүгінде жүз жылдыққа жүз адамға арналған «Ақ жол 100 жыл» төсбелгісі редакция ардагерлері мен қызметкерлеріне табысталған болатын. Белгілі жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы және журналист, дәл сол облыстық архивте архивист болып табылатын Баққараұлы Әділбек сынды «Ақ жол» газетінің ардагерлері арнайы төсбелгімен марапатталды.
Еңбектеріңіз жана берсін!
#Ақжолгазетіне100жыл



«АРХИВ -ЕЛ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және оның ішінде «Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің» ұйымдастыруымен «Архив – ел тарихының қазынасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Астанада өткен конференция «Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары» тақырыбы ауқымындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Шара барысында белгілі болғандай, әлемнің 14 елінен Қазақстан тарихына қатысты 7000-нан астам құжат пен қолжазба сатып алынған. Олардың хронологиялық шеңбері 973 пен 1990 жылдар аралығын қамтиды. Конференцияда сол құжаттардың барлығын ғылыми айналымға енгізу мәселесі талқыланды.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі – Абаев Дәурен Әскербекұлы, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы – Қуат Қахарманұлы Борашев, Ұлттық архив, Орталық мемлекеттік архиві және облыстық мемлекеттік архив басшылары мен қызметкерлері қатысты.



«ТАЛАС ТЫНЫСЫНАН» ТҮЛЕП ҰШҚАН ТҰЛҒА

         Белгілі жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталғаны «Талас тынысы» газетінің 2022 жылғы 28 қазандағы №78 санына жарияланды.
   



Көсемәлі Сәттібайұлы “Құрмет” орденімен марапатталды!

5 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы “Құрмет” орденімен марапатталды!
Құттықтаймыз💐



«АРХИВ ІСІ САЛАСЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ КУРСЫ

       Ағымдағы жылдың 13-14 қазан күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында оқу курсы өтуде.
      Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан «Әлеуметтік- құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау» бөлімінің маманы Баян Қожанова аталмыш оқу курсына қатысуда. Оқу курсының мақсаты архив саласындағы мемлекеттік қызметтер және олардың атқарылуы және т.б. күн тәртібіндегі мәселер бойынша түсініктемелер мен бағыт-бағдар беру болып табылады.