АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!

     Жемісті еңбек еткен сала мамандарын марапаттау рәсімі биыл да өз жалғасын тапты. Архив саласында жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Облыс әкімі орынбасары Е.Үйсімбаевтың қолынан облыстық архивтің бөлім басшысы М.Саурықова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталса, облыс әкімінің “Алғыс хатын” архившілер Р.Тәжітайқызы, А.Айтмырзақызы алды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Е.Нұрманұлы бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
       БАРЛЫҚ МАРАПАТ ИЕЛЕРІН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



«ТҮРЛІ-ТҮСТІ САУЫҚ-КЕШ»

       «22 желтоқсан – Архившілер күні» мерекесіне орай Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде «Түрлі-түсті сауық-кеш» (Цветная вечеринка) ұйымдастырылған болатын. Архив ұжымы бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып ұйымдасқан түрде аталмыш шараны жоғары деңгейде өткізе білді. Жиын барысында түрлі номинация бойынша орындар беріліп, жыл қорытындыланып «Алғыс хаттар» берілді.
        Әріптестерімізді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!




ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

       «22 желтоқсан – Архившілер күні» мерекесіне орай өңіріміздегі архив саласының майталмандары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұсынған арнайы грамотамен марапатталған болатын. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінен дәл осы грамотаға елімізге адал қызмет етіп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Атышева Дарига Кадырхановна және Кулибаева Гаухар Ынтымаковна ие болды.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын.



22 желтоқсан – елімізде архив күні

       Жалпы архив ежелден пайда болған. Оған баз-бір мемлекеттерде бар адамзат игілігіне айналған көне де құнды жазба дүниелері десек жарасады. Тарихта өткен дәуірлерге жүгіну үшін тарихи көне жәдігерлер баршылық. Қазақ даласында да бай кітапханалар болған. Олар шапқыншылық кезінде талан-таражға ұшырап, немесе қираған сарайлар астында қалған. Оған Тараз, Отырар, Сауран т.б. шаһарлардың бастан кешкен аянышты тағдырлары куә.
       Өркениетке ілескен Қазақстанда архив саласы даму үстінде. Мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отыр. Онда халқымыздың тарихына байланысты, әр дәуірдегі баға жетпес құнды құжаттар баршылық . Тәуелсіз Қазақстанның жасампаз тарихи сәттері де архив төрінен орын алуда.
Архив күні құтты болсын, құрметті әріптестер!!!



Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау сөзінен..



МӘДЕНИЕТ ҚҰРАМАСЫ АЛА ДОП АЛАМАНЫНДА АЛДЫҢҒЫЛАР ҚАТАРЫНДА

        Әуесқой командалар арасындағы шағын футболдан «Аmanat CUP» жастар турнирі өтті. Ала доп аламанында «Мәдениет» құрамасы II орынды иеленді.
        Турнир барысындағы белсенділігі мен ептілігі үшін Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Саят Қойшыманов «Үздік ойыншы» атанды.
Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
 



«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДА» АТТЫ ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

       Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының кіші жұмысшы топ құрамының атқарған жұмыстары жөнінде «Жамбыл облысы қуғын-сүргін жылдарында» атты жинақтың бірінші томы жарық көрді.
       Бұл кітапқа 1930-1950 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың есімдері, оның ішінде ұжымдастыру, тәркілеу, ашаршылық, әскери тұтқындар туралы ақпараттар, мақалалар, баяндамалар енгізілген.
Жинақта Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қорынан алынған құжаттар мен қатар, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелерінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы қысқаша ақпараты қамтылған.
Кітап тарихшыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкемізді зерттеушілерге пайдалы болатыны сөзсіз.