“Өзіме өзім патшамын өз жерімде” атты мақаласы жарияланды.

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 25.02.2023 жылғы №23 санына жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының ақын Сәт Мәлібекұлы жайлы “Өзіме өзім патшамын өз жерімде” атты мақаласы жарияланды.




“Жамбыл ауданы қалай құрылды” атты мақала жарияланды

Жамбыл облыстық «Арай» газетінің 24.02.2023 жылғы №15 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, журналист Әділбек Баққараұлының “Жамбыл ауданы қалай құрылды” атты мақаласы жарияланды.




“”БҰҚАРА ОДАҒЫ” ЖӘНЕ ҚАБЫЛБЕК САРЫМОЛДАЕВ”

        Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 21.02.2023 жылғы №21 санына жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының “”Бұқара одағы” және Қабылбек Сарымолдаев” атты мақаласы жарияланды.
       17 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Дәл осы аталмыш конференцияда қоғам қайраткері, жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібайұлы “Бұқара одағы және Қабылбек Сармолдаев” атты тақырыпта баяндамасын оқыды.
        Айта кетейік, конференцияны ұйымдастырып, жалынды жерлесіміздің мұрасын жеке кітап етіп шығарған Орталық мемлекеттік архив ұжымына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Құттықтау хаты табыс етілді.



Есет Досалының “Әріптес туралы әңгіме” атты мақаласы жарияланды

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 14.02.2023 жылғы №18 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, журналист Әділбек Баққараұлы жайлы ақын Есет Досалының “Әріптес туралы әңгіме” атты мақаласы жарияланды.




ПРЕЗИДЕНТКЕ КІТАП ТАРТУ ЕТІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облысымызға жасаған іс-сапары барысында жамбылдық зиялы қауым өкілдерімен кездескен болатын.
      Кездесу барысында Президентке облыстық мемлекеттік архивтің директоры, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы архивтегі көне газеттерден табылған қаламгер Кемел Тоқаевтың ертеректе жазған мақалалары негізінде дайындалған «Кемел Тоқаев. Жамбыл өңірі тарихында» атты кітабын сыйға тарту етті.
      Президент өз сөзінде әкесінің еңбек жолы Жамбыл облысында басталғанын еске алып әрі биыл 100 жылдық мерейтойы екенін айтты, рахметін жеткізді.
Майдангер-жазушы Кемел Тоқаев еңбек жолын 1948 жылы Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» газетінде қарапайым тілші болып бастаған.
      Болашақ жазушының облыстың мемлекеттік архивіндегі көне газеттерде сақталған тырнақалды кинорецензиялары және мақалалары, оның сол тұстағы еліміздің, өңіріміздің мәдени, әдеби және рухани өміріне белсене ат салысқанын көреміз.
Кітап көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай шығарылған.



Ақын Есет Досалының “Әділбектің әлемі” атты мақаласы жарияланды

Жамбыл облыстық «Арай» газетінің 10.02.2023 жылғы №11 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, журналист Әділбек Баққараұлы жайлы ақын Есет Досалының “Әділбектің әлемі” атты мақаласы жарияланды.




БҮГІН ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ , ОБЛЫСТЫҚ АРХИВ ДИРЕКТОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!!!

         Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
        Құрметпен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы