ТАРИХИ ӘДІЛДІК ОРНАТУ АРХИВТЕРДІ АШУДАН БАСТАЛАДЫ!
“ОБЛЫС АРХИВІ ЕҢСЕСІ ПӘС ЕСКІ ҮЙДЕ ОТЫР” АТТЫ МАҚАЛАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
УАҚЫТ НЕТКЕН ҰШҚЫР ЕҢ…
Өткен жылы қарашаның 11-і күні ортамызда жүрген атпал азамат, Қазақстанның құрметті журналисі Мақұлбек Рысдаулет 70 жастан аса бере өмірден озған еді.
Қазақ баспасөзіне, Жамбыл облысының баспасөзі мен рухани өміріне өзіндік үлес қосқан аяулы азаматтың қазасы көпшіліктің қабырғасын қайыстырған еді. Артына елеулі мұра қалдырған баспасөз қайраткерінің биік болмысы уақыт өткен сайын биіктей бермек.
Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Алматы Жоғары партия мектебінде оқыды. Мақұлбек Рысдәулет сонымен бірге көптеген көркем әдеби және публицистикалық кітаптардың авторы ретінде білеміз.
Одан кейін республикалық «Халық кеңесі», «Заң», «Егемен Қазақстан» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы, кейінгі жылдары облыстық архив басшысы болып та ел тарихын тануға қатысты көп еңбек етті.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде қызмет істей жүріп облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене қатыса жүріп, Жамбыл өңірінің жүріп өткен жолына, оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын кезеңдерден бірнеше кітапты дүниеге әкелді. Ол кітаптар бұл күнде қоғамның қажетіне жарап, аға ұрпақтың жанқиярлық еңбегіне қойылған ескерткішке айналғандай.
#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */
Аяулы азаматтың дүниеден озғанына жыл толды. Ол туралы естеліктер айтылуда, алда да айтыла бермек. Өйткені өмір жолында елеулі із қалдырған азаматтың ғибратты ғұмыры өзгелерге үлгі болса керек-ті.
САПАР БАЙЖАНОВТЫҢ САРА ЖОЛЫ
Көрнекті журналист-жазушы, зерттеуші-ғалым Сапар Байжановтың туғанына -90 жыл толуына орай «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ директоры Көсемәлі Сәттібаұлының облыстық «Ақ жол» газетінің 9-қаршадағы №131 санына «Сапар Байжановтың сара жолы» атты кең көлемді мақаласы жарияланды.
Мақалада журналистика, әдебиет саласында айшықты із қалдырған, сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы болған және Қазақстан Республикасының Бас архив басқармасының басшысы қызметін атқарған Сапар Байжановтың өнегелі өмір жолы баяндалады.
Сапар Байжанов 1930 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылында қараша айында дүниеге келген.
“Кілтіңіз болса анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады” атты мақала
Жамбыл облысының тарихы архив құжаттарында…
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік аумағында орналасқан әкімшілік басқару бөлігі. Аумақ Талас пен Шу өзендері аңғарларында, Алатау мен Қаратаудың түйіскен баурайлары мен Балхаш көлініің батыс жағында, Қаратау жотасы мен Бетпақдала аралығында орналасқан.
Алпыс жылға жуық Қоқан хандығының қол астында болып келген қазақ жерінің оңтүстігі 1864 жылыдан бастап орыс империясының құрамына енді. Осы өңірде Сырдария мен Жетісу облыстары құрылыпы, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 жылғы 11-маусымында қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Орталығы Әулиеата шаһары болды. Уезде 200 мың халық тұрды. Тұрғындардың саны 1897 жылы 3000 мыңға жетті. 1917 жылы қазан төкерісінен кейін уезд Түркістан АКСР-нің құрамында болғаны белгілі. 1924 жылғы межелеуден кейін алғашында Сырдария, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында болып келген облысымыз 1939 жылдың 14 қазанындағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл облысы болып құрылды. Құрамына Жамбыл қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлінген Жамбыл, Луговой (Т.Рысқұлов), Мерке, Сарысу, Свердлов (Байзақ), талас және Алматы облысынан бөлінген Шу аудавны, осы Шу ауданынан бөлінген Көктерек аудандары кірді. Облыс орталығы Жамбыл қаласы болды. («Архив-тарих шежіресі» кітабы).
Шуақты өлкеге биыл 81 жыл толып отыр. 2000 жылдық тарихы бар Тараз жері, Жамбыл елі талай тарихи оқиғаларды басынан өткізгені хақ. Облыс болып құрылған 1939 жылдан бастап өзінің даму жолына түсті.
1940 жылғы облыстық архивтің сарғайған құжаттарында облыстың қысқаша экономикалық, саяси, әлеуметтік тыныс-тіршілігіген хабар беретін құжат сақтаулы. Онда жаңадан құрылған облыстың кенжелеп қалған экономикасын көтеруге бағытталған шаралар туралы айтылған.
Жамбыл жерінде 10 аудан, 1 қалада 320390 адам тұрған. 1939 жылғы санақ бойынша облыста 1154 елді-мекен, қала типінде 4, оны ішінде Жамбыл қаласы (орталық), ал Шу, Луговой, Мерке- Түркісіб темір жолы бойындағы жұмысшы поселкілер. Бұл қала типтес жерлерде халықтың 30 % шоғырланған. Жамбыл облысы батысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Қырғыз жерімен, ал шығысында Алматы, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Облыстың жалпы аумағы 122 066,941 мың гектар. Жері шөл және шөлейтті аймақтар болып табылады.