«Ақыл-ойдың алыбы» атты мақала жарияланды

«Ақ жол» газетінің 27-ақпандағы № 24 санына «Ақыл-ойдың алыбы» атты мақала жарияланды. Мақалада, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастырумен өткізілген іс-шара баяндалған.




«Жаһанға мәшһүр жауһар жыры» атты мақала жарияланды

«Арай» газетінің 25-ақпандағы № 8 санына «Жаһанға мәшһүр жауһар жыры» атты мақала жарияланды. Мақалада, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастырумен өткізілген іс-шара баяндалған.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ

“Жамбыл облысының мемлекеттік архиві” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналаған дөңгелек үстелде ақын шығармашылығы, оның эпикалық қуаты жайлы әңгіме болды.
№5 Жамбыл метеп-гимназиясының талантты шәкірттері ақын жырларын жатқа оқыды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ Жамбыл поэзиясы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.




КЕМЕЛ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАЗУШЫЛЫҒЫ КИНОРЕЦЕНЗИЯДАН БАСТАЛҒАН

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлының “QAZAQSTAN ARHIVTERI” журналының 2020 жылғы №4 санында “Кемел Тоқаевтың жазушылығы кинорецензиядан басталған” атты мақаласы жарық көрді.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

 




Жамбыл облысы мемлекеттік архиві Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының жолдаған челленджін қабыл алды

Жамбыл облысы мемлекеттік архиві Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының жолдаған челленджін қабыл алды.

Опубликовано Жамбылом Облысының Среда, 3 февраля 2021 г.




Жетісу ақындарының алғашқы слеті

Жетісу ақындарының алғашқы слеті 1919 жылы қаңтарда Верный қаласында Жамбыл Жабаевтың қатысуымен кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы кезеңінде өтті.
Ақындар слетін ұйымдастыру мен өткізуді Ораз Жандосов басқарған Жетісу облыстық ұлттық істер жөніндегі атқару комитетінің бөлімі басқарды. Слеттің ұйымдастырушылары-Жетісу облыстық атқару комитетінің Ұлттық бөлімінің алқа мүшелері “бұқараның саяси ағартуындағы ақындардың ауызша поэзиясының күшті әсерін” түсінді
Слет қатысушылары Жетісу ақындарына үндеу қабылдап, оларды халық айтысының үздік дәстүрлерін дамытуға, халық әншісінің поэтикалық сөзін ән-поэтикалық сайыстарда адамдардың санасындағы феодалдық-байлық жәдігерлерді сынауға, жаңа өмірге қарсыластарды ұрып-соғуға бағыттауға шақырды.
Слетке қатысушылар парламентаралық мерзімді айтыстар өткізуді сөз қылды. Делегаттар алдында ақындар сөз сөйледі-айтыс өтті. Сайысқа түскен 19 ақынның арасында халық арасында танымал Жамбыл Жабаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Әбдіғали Сариев және т. б. болды.
Кеңес өкіметінің басында Жетісуда Кеңес өкіметін орнату үшін саналы және белсенді күрестің трибунасына айналған ән-поэтикалық сайыстардың байырғы дәстүрлері осылай жалғасып, нығайтылды.
Алматы қаласында Мақатаев көшесі, 20 мекен-жайында (бұрынғы Пастер көшесі) “1919 жылы Жамбылдың қатысуымен Жетісу ақындарының 1-ші слеті өтті”деген жазуы бар мемориалдық тақта орнатылды.



Бүгін қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының туған күні

Отан үшін отқа түскен жамбылдық жауынгерлер аз болмады. Олардың арасынан ерлігі мен соғысу тактикасы арқылы ерекшеленіп даңқты батырлары, тыл еңбеккерлерінің ерен ерлігі, Бауыржан Момышұлындай дара қолбасшы шықты. Қан майданда қасиетті жерімізді жаудан қорғау жолында теңдессіз ерлікпен ер атанған, мыңдаған қолды бастаған батыр-Бауыржан Момышұлының туғанына бүгін 110 жыл толып отыр.
Қазақтың біртуар азаматы 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Мыңбұлақ елдімекенінде дүниеге келген. 1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына бітірген. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Кейіннен тұрмыс жағдайына байланысты бұл оқу орнын аяқтай алмаған.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болған. Соғыс басталысымен 316-шы атқыштар (кейіннен 8-ші гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене қатысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия батальонының, полкінің командирі болған. 1944-1945 жылдары осы дивизияны басқарған. Оның соғыс кезіндегі ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігі, тапқырлығы мен жеке басының ерен ерлігі ерекше аталып, батырлық даңқы аңызға айналған.
Жуалы жерінде дүниеге келген батыр Баукең қазақ халқының даңқын алысқа шығарған асыл перзенттердің бірі бола білді. Оның туған жері, өскен ортасы, ұшқан ұясы жайлы деректер мен дәйектер Жамбыл өңірінде жеткілікті. Біздің облыстық архивте де Бауыржан Момышұлы туралы мағлұматтар аз емес. Жеке тектік құжаттары батырдың 60 жасқа толуына орай атамекені Жуалы жерінде өткен кездесулерінен фото суреттері бар. Сонымен қатар, архив құжаттарын Жуалы аудандық атқару комитетінің 1930 жылғы құжаттарының арасында аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы Бауыржан Момышұлының қолы қойылған құжат толықтырады. Сарғайған, көне құжат анық болмаса да «Момышев» деген жазу айқын, әрі қолтаңбасы қоюлы. Бұл да бір тарих қойнауынан шерткен сыр. Құжатта қатталған қолтаңба.
Жылдар өтер, заман да өзгерер. Бірақ, Отан үшін отқа түскендер ешқашан ұмытылмауы тиіс. Баукеңнің өзі айтқандай олар отқа күймейді. Қайта биік бейнелері ерліктің алауындай асқақтай береді. Ежелден ерлеген халықпыз. Сол халықтың батыр ұлдарының ерлігі мәңгі өшпес, ұрпаққа өнеге, ұран екендігі ақиқат.