Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген №7 қор құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген №7 қор құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




АРХИВ АҚЫНҒА КЕРЕК АҚИҚАТТЫ ДА АЙҒАҚТАЙДЫ

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Өткен ғасырдың 1977 жылында (9 ақпан) “Социалистік Қазақстан” газеті ақын Ұлықбектің “Қос толағай” деген поэма-диалогын жариялапты.
Жолаушы үш адамбыз “Волгадағы”,
Мен үнсіз, олар да сөз қозғамады.
Рульде бейтаныс қарт, қасындағы
Ұлына ұқсаттым мен бозбаланы.
Мен болсам журналистік жолда келем,
Олармен дәмдес-тұздас болған емен.
Ұмсынып жігіт отыр тауға қарап,
Бардайын іңкәрлігі тауға деген.
-Әке, әке! Тауды қара… қозғалады!…
Жалт қарап, біз де солай көз қададық.
Күлдім мен:
-Елес шығар…
-Тәйт, патшағар,
Қарт сосын сәл ойланып сөз жалғады.
Сендер аз білесіңдер мына тауды,
Біз үнсіз, сап тиылды үн атаулы:
-Тау сынды Толағайдың қабірі бұл!
Толағай! Естіп пе еңдер бұл атауды?!
деп, өлеңмен әңгіме айтып отырғандай жылы да жеңіл басталатын жыр жолдары ары қарай магнитше тарта бастайды.
Үлкендерше үлкен тақырыпты қозғап, поэмак-диалог жазған Ұлықбек Есдәулет сол кезде небары 23 жаста ғана екен.



Мамыражай мамырда дүние есігін ашқан…

Бүгін – Мақанның, Мақұлбек аға Рысдаулеттің дүниеге келген күні. Баспасөз және архив саласында өзіндік із қалдырған, аяулы азамат 72 жасқа толғанын атап өтіп жатар еді-ау. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұжымы әріптес ағаны еске ала отырып, бірер ауыз сөз арнауды жөн көрдік.
Жуалыдай жер жәннатында дүние есігін ашқан Мақұлбек аға сол өлкеде ер жетіп, азамат атанды. Журналистік мамандықты кәсіп етіп ғұмыр бойы осы салада тер төкті. Соңғы он жылында облыстық мемлекеттік архивінде жемісті еңбек етті. Тәжірибеде журналист осында архив сөресіндегі сарғайған тарих беттерінен бірнеше кітапты жарыққа шығарды. Онда Жамбыл өңірінің әр кезендердегі тыныс-тіршілігі, уақыт тынысы, замана лебі, жасампаз еңбек адамдарының өміршең тірліктері бейнеленді. Мақұлбек аға архив саласында еңбек етіп жүрген жас мамандарға өзінің бай өмір тәжірибесімен үнемі бөлісіп отыратын. Олардың білікті маман болып қалыптасуына ақыл-кеңесін аямайтын. Рухани байлықтарының мол болуын қалайтын.
Табиғаттың түрленіп, жер дүниені жаңартатын мамыражай мамыр айының қайталанбас осынау ғажайып сәтінде өмір есігін ашқан Мақұлбек ағаның өмір жыршысы болуының бір сыры да осында жатқан шығар…
Жатқан жеріңіз жайлы, рухыңыз пейіште шалқысын!



Әділбек Баққараұлының “Одердегі ерлік” атты мақаласы жарияланды

Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің 18.05.2021 жылғы №58 санында облыстық мемлекеттік архивтің архивисі Әділбек Баққараұлының “Одердегі ерлік” атты мақаласы жарияланды.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Электронды құжаттарды кезекті тексеру жұмыстары

    Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Әулиеата аудандық прокуратурасы”
№5 қор құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



Мәңгілік алауға гүл қойылды

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры бастаған ұжым қызметкерлері “Ерлік” мемориалдық кешеніндегі Мәңгілік алауға гүл қою рәсімін өткізді.




Түркістан облысы мемлекеттік архивімен тәжірибе алмасу

Түркістан облысы мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Нурсеитова Асем Асильбековна және автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің басшысы Илесова Замзагул Тишанбаевна Жамбыс облысы мемлекеттік архивінің тыныс тіршілігімен танысып, іс-тәжірибе алмасты.