Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі жұмысшы топ

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау мәселесі жөніндегі басқарма тарапынан құрылған жұмысшы топ құрамының облыстық архивтің қорында сақтаулы ашаршылық, тәркілеу, ұжымдастыру т.б. тақырыптарға қатысты құжаттармен жұмыс жасау сәті.

 




«Панфиловцы: наша гордость, наша Слава” атты кітапты сыйға тартты

Бүгін, Қазақстан Халық партиясының(КХП) Жамбыл облыстық филиалының І – хатшысы Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы және төрайым орынбасары Абдикеримов Серікжан Тлеумұратұлы Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне келіп, «Панфиловцы: наша гордость, наша Слава” атты кітапты сыйға тартты.




Бүгін – Халықаралық архив күні!

Бүгін – Халықаралық архив күні
Жалпы архив ежелден пайда болған. Оған баз-бір мемлекеттерде бар адамзат игілігіне айналған көне де құнды жазба дүниелері десек жарасады. Тарихта өткен дәуірлерге жүгіну үшін тарихи көне жәдігерлер баршылық. Қазақ даласында да бай кітапханалар болған. Олар шапқыншылық кезінде талан-таражға ұшырап, немесе қираған сарайлар астында қалған. Оған Тараз, Отырар, Сауран т.б. шаһарлардың бастан кешкен аянышты тағдырлары куә.
Өркениетке ілескен Қазақстанда архив саласы даму үстінде. Мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отыр. Онда халқымыздың тарихына байланысты, әр дәуірдегі баға жетпес құнды құжаттар баршылық . Тәуелсіз Қазақстанның жасампаз тарихи сәттері де архив төрінен орын алуда.
Халықаралық архив күні құтты болсын, құрметті әріптестер!



4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күні!

Рәміздер күні!
Қазақстан Республикасының рәміздері алғаш 1992 жылы қабылданып, тәуелсіздігіміздің нышаны болып белгіленді. Ал 2007 жылдың 4-маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданып, осы Заңға сәйкес жыл сайын 4-маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Осыған орай, дәстүрлі түрде Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде 4-маусым күні қызметкерлер Мемлекеттік Гимн орындап, тәуелсіздік нышандарына ерекше құрмет көрсетті.



Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді қалай алуға болады?




“Басты мақсат – саяси құғын-сүргін құрбандарын толық ақтау” атты мақала жарияланды

 

Облыстық “Ақ жол” газетінің 03.06.2021 жылғы №67 санында “Басты мақсат – саяси құғын-сүргін құрбандарын толық ақтау” атты мақала жарияланды.

 




“Естен кетпес зұлмат жылдар” атты мақала жарияланды

Облыстық “Арай” газетінің 02.06.2021 жылғы №43 санында “Естен кетпес зұлмат жылдар” атты мақала жарияланды.