Басқарма басшысы ақпаратқа жауапты мамандарды марапаттады

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы басқармаға қарасты мекемелердегі ақпаратқа жауапты мамандарды марапаттады.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай басқарма мен мекемелердегі ақпараттық жұмыстарды ілгерілету жолында еңбек етіп жүрген мамандармен қатар, ардагер журналистер: Көсемәлі Сәттібайұлы мен Ерман Әбдиевті және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мадияр Ералыұлын арнайы шақырып, өз алғысын білдірді.
Облыстық архив тарапынан ақпаратқа жауапты маман Сағындық Зейнуллаұлы аталмыш алғыс хатпен марапатталды.



Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

Дезинфекциялау жұмыстары мекеменің 2 ғимаратында, 25 кабинет, 5 қойма және мәжіліс залына жүргізілді




ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес маусым айының соңғы жексенбісі – Баспасөз, телевидение және радио күні болып белгіленіп, бұл күнді елімізде журналистердің төл мерекесі ретінде атап өту дәстүрге енді. Елімізде Журналистер күнін 28 маусымда атап өту дәстүрі орныға түсті.
Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті! Шабыттарыңыздың шыңына ұшқан құс жетпесін! Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері!



Комиссия мүшелері №7 қорының электронды құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді

   

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №31-40 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



“Мәдениет саласында мән беретін мәселе аз емес” атты мақала жарияланды

Облыстық “Арай” газетінің 18.06.2021 жылғы №49 санында “Мәдениет саласында мән беретін мәселе аз емес” атты мақала жарияланды.




К.Сәттібайұлының “Әлемдік саясаттағы ең таза тұлғалардың бірі” атты мақаласы жарияланды

Республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің 11.06.2021 жылғы №24 санында жазушы-журналист, облыстық архивтің директоры К.Сәттібайұлының “Әлемдік саясаттағы ең таза тұлғалардың бірі” атты мақаласы жарияланды.




Әулиеата шежірелі жылдардың жылнамасы

Әулиеатаның қала болып қалыптасуы архив құжаттарында сақталған. Осылардың ішінде губернатор В.А.Каллаур қала құрылысына ерекше мән берген. Алғашқы саябақтар, заманауи үйлер, кеңселер сол заманда бой көтерген. Мұнда алғашқы сыра ашыту және арақ зауыты өткен ғасырдың басында пайда болған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін шағын зауыттарда сол уақытқа тиесілі.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ең байырғы қалаларының біріне саналатын Әулиеата – Жамбыл – Тараз шаһарының даму қарқыны ерекше. Мұнда дамыған құрылыстың заманауи үлгілерін кезіктіресіз. Ежелгі шығыстық құрылыс үлгілерін сақтай отырып дамудың даңғыл жолына түскен Тараздың келбеті көз сүйсіндіреді. Әсіресе тал-дарағының молдығы, саябақтарының келбеті, көшелерінің тазалығы қонақтарды бейжай қалдырмаса керек. Бұрынғы көк базар мен шахристанның орнына түскен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығы кешегі Әулиеатаның бай тарихынан, Талас өзені бойында Тектұрмас биігінде бой көтерген «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ғасырлардың қойнауынан сыр шертеді. Енді қаланың батыс бөлігінде орналасқан Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші маңынан «Қазақ ауылы» этно-мәдени кешені орналаспақ. Тараздың тарихы тереңде жатқан шаһар екендігіне қалаға жолы түскен қонақтар мен туристер қауымы көз жеткізбек.