Қызметкерлер короновирусқа қарсы екпе салдыруда

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері короновирусқа қарсы екпенің екінші компонентін салдыруда.




АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРҒА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ТАРИХ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Облыстық архивте құжаттармен жұмыс жасау үшін арнайы оқу залы бар. Келген әрбір зерттеушіге бөлім қызметкерлері қызмет көрсетеді. Бағыт-бағдар береді. Тиімді жұмыс жасау жолын көрсетеді.
Оқу залында “XX ғасырдың басы мен 1930 жылдардың аяғындағы Қазақстандағы мемлекеттік конфессиялық қарым-қатынас” тақырыбында тарих ғылымының кандидаты, профессор Г. Жұман зерттеу жұмыстарын жүргізуде.



Мерейтой құтты болсын!

Әлия Нұрсейітқызы, Сізді 40-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Сіз көп жылдан бері архив саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерді өткерудесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен Жамбыл облысы мемлекеттік архиві ұжымы.



ӘУЛИЕАТА ЖЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА

Патшалық Ресей құрамына толығымен ене бастаған Қазақстан мен Орта Азия халықтарына ағартушылық пен білім беру саласы кең қанатын жая бастады. 1864 жылы орыс әскерлерінің Оңтүстік өңірді жаулап алуымен Әулиеата өңірі де толығымен Ресей қарамағына өтеді. «Айқап» газетінің 1-ші санында «Әулиеата хабарлары» атты мақала шығады. Онда дін исламды білім-ғылым арқылы тану, Әулиеатадағы оқу жайы, мәдениеттің басқа қалалармен салыстырғанда артта қалғандығын сөз еткен. Әулиеата қаласындағы ең алғашқы мектептердің пайда болуы Кеңес үкіметі орнамай тұрған уақытқа келеді. Соның бірі 1878 жылы 10-шы маусымда Сыр-Дария генерал губернаторлығының жарлығымен ашылған екі сыныптық училище. Генерал адютанд Фон Кауфман мұрындық болған бұл мектеп 1914 жылдан бастап қана жоғарғы бастауыш училищесі ретінде танылған. 1924 жылдан бастап болшевиктердің көсемі В.И. Ленин атауын иемденген. 1919 жылғы Педагогикалық кеңестің шешімімен табысталған куәліктерге қарасақ, оқушылар: орыс тілі, химия, соғыс ісі, сызу, еңбек, сурет, әдебиет, математика, география, физика, жалпы тарих, француз тілі, неміс тілі, жаратылыстану қоғамдық ғылымдарды оқыған. 1929 жылдары Әулиеата қаласында В.И. Ленин атындағы 9-жылдық мектеп, 7-жылдық Қазан төнкерісі, (им. Годовщина Октябрской Революции) атындағы мектеп, Карл Маркс атындағы 7-жылдық қазақша мектеп, №88 Темір жол мектебі, 3-ші Өзбек мектебі, 1-кезеңдік мектептері болған. Сонымен қатар сол кездері бүкіл Әулиеата ауданы мен Қырғыстанның бір бөлігіндегі оқушыларды қамтитын, сиымдылығы жағынан үлкен Орталық аудандық және қалалық мектеп те болған. Алайда бұл мектептерде оқушыларды оқытатын арнайы бөлмелер де болған. Сабақтар ұстаздардың кабинетінде өтеді. 1928-1929 жылдары Ленин атындағы мектепте әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан жалпы саны 377 оқушы білім алған. Оның ішінде ер бала 200, қыз бала 177, комсомол қатарында 97, пионерлер 52, орыс 309, қазақ 6, татар 6, еврей 1, армян 2, украин 50, неміс 3 оқушы болған. 1967-1968 жылғы әкімшілік реформалардан кейін білім беру тек орыс халықтарының арасында емес, өзге де ұлт өкілдерінің оның ішінде 1860 жылға дейін діни сауатпен ғана сусындаған қазақтардың арасында мектептер ашыла бастады.
(Негізі: ЖОМА. Қ.90 Т.1 Б.1 Іс.6 П.8-9, 44-45)



“АҚИҚАТТЫ АСПАНДА – АЛЛА, ЖЕРДЕ – АРХИВ ҒАНА АЙҒАҚТАЙДЫ”

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен алқалы жиыннан үлкен үмітпен шықтық.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт министрлігінің Архивтер ісі және құжаттарды басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш өңірлерден арнайы шақырылған облыстық мемлекеттік архив директорларының жаңа ғимараттар салу, штат санын көбейту, ақылы қызмет көрсету және айлық мәселесі жөніндегі сауалдарының орынды екеніне, олардың алдағы уақытта шешімін табатынына сендірді.
Архивсіз ел – тарихсыз ел. Өйткені тарихымыздың тірегі – архив. Қайран Ер Баукең осыны баяғыда-ақ біліп:
“Ақиқатты – аспанда Алла,
Жерде – архив ғана айғақтайды”
деп жазып кетіпті ғой.



Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру




Выдача архивных справок, копий архивных документов или архивных выписок