КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін – амал мерекесі, жаңа күннің, жаңа бастамалардың символы. Бұл күнде алысты жақын етіп, араздықты ұмыттырып, ағайын бір-бірімен көрісіп, ізгі тілек, ақ жарма көңілдерін білдіреді.
✳️Ұлыс оң, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа береке мен ырыс, татулық пен амандық тілеймін. Жанымыздан жақсылар кетпесін, жүрегіміз мейірімге толы болсын!
✳️Көрісу күні құтты болсын!
Возможно, это изображение текст



МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚҰТТЫҚТАУ!

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы тарапынан облыстық архивтің бөлім басшысы Ж.Есентаева, архивист М.Айтуарова, Л.Жуматаева, есепші А.Нуржаубаева Алғыс хатпен марапатталды.
🏵️ Алғыс хатты мекеме басшысы Л.Кожаханова табыстап, атқарып отырған жұмыстарына табыс тіледі.



✍🏻 “ТАУ ТҰЛҒА” АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ

Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай облыстық “Ақ жол” газетінің №85 (01.11.2024 ж) санына “Тау тұлға” атты мақала жарық көрді.
#архив2025



ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ.

Мекемеге Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Бабаев Ибраим Алимханович пен Мемлекеттік саясат және нормативтік құқықтық реттеу басқармасының бас сарапшысы Несипбаев Асет Сарсенович арнайы ат басын бұрып, архивтің тыныс-тіршілігімен танысты.
🔍 Келген қонақтарға құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, құжаттарды сақтайтын қойма, құжаттарды қабылдау жолдары мен ғимараттың жай-күйі таныстырылды.
#архив2025



«МАҚҰЛБЕК РЫСДӘУЛЕТ – ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХШЫ, ӨРЕЛІ ӨЛКЕТАНУШЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қарымды қаламгер, жазушы-журналист, өлкетанушы, архив саласының ардагері Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл толуына орай тұлғаны еске алуға арналған «Мақұлбек Рысдәулет – қарымды қаламгер, тағылымды тарихшы, өрелі өлкетанушы» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияға облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, замандас достары, бірге оқыған курстастары, қызмет жасаған әріптестері мен үзенгілестері, көз көрген азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында Мақұлбек Рысдәулеттің өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Облыстық архивтің бөлім басшысы Ж.Есентаева «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» атты тақырыпта баяндама жасап, архив саласында атқарған еңбектеріне тоқталды.
Архив сақтауындағы Мақұлбек Рысдәулеттің жеке тектік құжаттарынан тұратын көрме ұйымдастырып, қонақтар назарына ұсынылды.
Шара соңында еске алу мақалалары, тұлғалық қасиетін ашатын ақпараттар, қаламгердің сұхбаттары мен зерттеу мақалаларынан тұратын «Өрелі сөзді өрнектеген» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.
#архив2025



“ЖЫЛ ШЕЖІРЕСІ: 2023” атты жылнамалық-шежіре жарық көрді.

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік тыныс-тіршілігі туралы жылнама-шежіресін жазуды жалғастыруда. 2012 жылдын бастап әр жылдың шежіресі жеке кітап болып шығып келеді. Енді міне, жақсы істің жалғасы ретінде «Жыл шежіресі: 2023» атты кітапшаны қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әр жылдың ерекше оқиғасы, жақсы жаңалығы мен айтулы күндері болады. 2023 жылда да ел есінде қалған оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды. Кітапта айтылатын оқиғалар қысқа әрі нақты берілген.
Деректер мен дәйектер тарихшыларға, деректанушыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкетанушыларға, жылнамашыларға пайдалы дерек көзі болатындығы анық.
#архив2025



⚜️ “ЛУГОВОЙ ЕҢ ІРІ АСТЫҚТЫ АУДАНҒА АЙНАЛҒАН ЕДІ” атты мақала жарық көрді.

🔱 Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Ә.Баққараұлының “Луговой ең ірі астық ауданға айналған еді” атты мақаласы Жамбыл облыстық “Арай” газетінің №54 санына жарық көрді.
Мақалада қазіргі Т.Рысқұлов ауданы сол кездегі Луговой ауданының архивтік құжаттарға негізделген тарихы баяндалған.
#архив2025