Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде “түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік мекемесінің архив құжаттарына зерделеу жұмыстары

Ағымдағы жылдың 3-5 күндері облыстық архивтің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі архив құжаттарын зерделеу жұмыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Қоғамдық саяси тарих архиві» мекемесінде іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында Сырдария губерниялық, округтік комитеті, Шымкент облыстық партия комитеті, Созақ аудандық комитетінің 1920-1939 жылдардағы құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған қор құрамында Әулиеата, Меркі, Талас, ауданы бойынша тәркіленген байлардың тізімі, мінездемелері мен баяндамалары, Созақ-Сарысу көтеріліс жөнінде мәліметтер, аудандар бойынша 1930 жылғы нан дайындау жұмыстары, көшпелілерді орналастыру, жұтпен күрес, ұжымдастыру жөнінде мәліметтер сақталған.



ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ – ШАРТ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмыстар бойынша Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры К.Сәттібаев, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы, Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Н.Серікбаев 3-5 қараша күндері Шымкент қаласындағы Түркістан облысы мемлекеттік архиві мен Қоғамдық саяси тарих архивінде іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында алдымен облыстық архивтің басшысы К.Сәттібаев пен «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Исатаева Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін бірлескен жобаларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстел, құжаттар көрмесін ұйымдастыруды, ақпараттық қызмет көрсету және түрлі мәселелер бойынша түсінік беруді ұйымдастыру жөнінде өзара келісім-шартқа қол қойды.



АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Мемлекеттік архивтердегі архив істерін дамытудың негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын іске асырудың 9 ай қортындысы бойынша есеп беру жиналыс соңы архив саласындағы еңбегі сіңген үздіктерді марапаттау рәсіміне ұласқан болатын.
Облыстық архив маманы Есентаева Жібек Азимжанқызы және бұрыңғы басқарма басшысы қызметін атқарған архив саласының ардагері Нұргүл Култаевна Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен “Архив саласының үздігі” төсбелгісіне ие болып, аталмыш марапатты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Ерлан Нұрманұлының қолынан алды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!



Мемлекеттік архивтердегі архив істерін дамытудың негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын іске асырудың 9 ай қортындысы бойынша есеп беру жиналысы

21.10.2021 жылы Тараз қаласындағы Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығында» «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» басшысы Ерлан Жүнісбай Нұрманұлының төрағалығымен жиналыс болып өтті. Аталмыш шараға облыстық, қалалық және аудандық архивтердің басшылары, ғылыми қызметкерлер, архив саласындағы мамандар қатысты.
Жиын барысында мемлекеттік архивтерде ағымдағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша – басшы орынбасары Мадиева Сара Қабылбековна баяндама жасап, ал өз кезегінде архив директорлары архив істерін дамытудың негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын іске асырудың 9 ай қортындысы бойынша есеп берген болатын. Бөлім басшысы Айгүл Мадешқызы «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйе бойынша атқарылып жатқан жұмыс нәтижесімен ой өрбітіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселер бойынша сұрақ-жауап қойылды.



САПАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттері Агенттік Төрағасысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша ұйымдастырылатын өңірлік жәрмеңкелер ретін күнтізбеге бекіткен болатын.
«Білім, Мәдениет, Спорт, Халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және кәсіпкерлік» салаларының басшылығы жоғарыдағы жоспарға сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі» тақырыбында қызметтер көрсету мәселелері бойынша жәрмеңке өткізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі, сапалығы және өзге де сұрақтар бойынша ой өрбіді.



Облыстық «Ақ жол» газетінің 9 қазан күнгі №121 санына «Тарихқа тағзым» атты мақала жарияланды

Облыстық «Ақ жол» газетінің 9 қазан күнгі №121 санына «Тарихқа тағзым» атты мақала жарияланды.




АРХИВ ҚОРЫ ЖАҢА ҚОРМЕН ТОЛЫҒУДА

     Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде негізгі атқарылатын жұмыс түрі құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау болып табылады.
     Архивтік құжаттарын қабылдауды жинақтау көзі болып табылатын ұйым басшысымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде архив құжаттарының физикалық жай-күйіне және құндылығына тексеру жүргізіледі. Тексеру аяқталған соң, мемлекеттік есепке алынады.
Осы мақсатта «Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының» 2013-2018 жылдар аралығындағы құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдап, қорға жаңа нөмір берілді
.