ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

       Бүгін “Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” КММ-сі бас есепшісінің орынбасары Жаназарова Гүлмира Мұратқызы “Байзақ аудандық мемлекеттік архиві” КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.
       Гүлмира Мұратқызы 1983 жылы 2 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2008 жылы Тараз экономика және статистика колледжінің “Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит”, 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің “Экономика және аудит” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдың 10 қазанына дейін “Байзақ аудандық мемлекеттік архиві” КММ-де бас есепшінің міндетін атқарса, 2018 жылдан бастап “Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” КММ-де есепші, бас есепшінің орынбасары қызметтерін атқарды.
       Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, жұмысына табыс, отбасына амандық тілейді.




ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗГЕ – 28 ЖЫЛ!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңына қол қойды. Содан арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді.



«Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты көш

Жамбыл облысының Түркістандағы күндері аясында «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты көш түзеген керуенді шығарып салу салтанаты Қазақ хандығы монументі алаңында өткізілген болатын.
Салтанат барысында әннен шашу шашылып, театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, өнер иелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.



ДОНОР БОЛ-ӨМІР СЫЙЛА!

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері “Донор бол-өмір сыйла!” атты қан тапсыру акциясына қатысты.



Мұрағаттың тағдыры мұңға, материалдық жағдайы жырға айналды

Жамбыл облыстық «Арай» газетінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №90 санына “Мұрағаттың тағдыры мұңға, материалдық жағдайы жырға айналды” атты мақала жарық көрді. Мақалада «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, Көсемәлі Сәттібайұлы өңіріміздегі облыстық архив ғимараттарының материалдық жағдайына қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, бір шешімі болса дейді.



Облыстық архив қызметкерлері мекеме айналасына тазарту жұмыстарын жүргізді

 




НАҒЫЗ АДАМ ТУРАЛЫ ЖЫР

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 2021 жылғы 6 қарашадағы №133 санына «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, Көсемәлі Сәттібайұлының 20 жасында майданға аттанып, 28 жасында Еңбек ері атанып, 28 жыл совхоз директоры болған Әбдір Сағынтаевтың өмір жолына арналған мақаласы жарық көрді.
Мақалада Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде сақтаулы тұрған газет тігінділеріндегі материалдарға сілтеме жасалған.