АЛМАТЫ АРХИВІНДЕ

22 желтоқсан – Архившілер күні. Мына суреттегі құнды құжаттарды тек қана бер жағы десек болады. Халық көрсек, білсек, оқысақ деген небір қажетті, қызықты, сирек құжаттар ел архивтерінде өте көп.
Құдай соларды жарыққа шығарып, халыққа жеткізетін саналы ұрпақ берсін!




22 желтоқсан – елімізде архив күні

Жалпы архив ежелден пайда болған. Оған баз-бір мемлекеттерде бар адамзат игілігіне айналған көне де құнды жазба дүниелері десек жарасады. Тарихта өткен дәуірлерге жүгіну үшін тарихи көне жәдігерлер баршылық. Қазақ даласында да бай кітапханалар болған. Олар шапқыншылық кезінде талан-таражға ұшырап, немесе қираған сарайлар астында қалған. Оған Тараз, Отырар, Сауран т.б. шаһарлардың бастан кешкен аянышты тағдырлары куә.
Өркениетке ілескен Қазақстанда архив саласы даму үстінде. Мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отыр. Онда халқымыздың тарихына байланысты, әр дәуірдегі баға жетпес құнды құжаттар баршылық . Тәуелсіз Қазақстанның жасампаз тарихи сәттері де архив төрінен орын алуда.
Архив күні құтты болсын, құрметті әріптестер!!!



Көсемәлі Сәттібайұлының “Отан бердің, От бердің, Қорек бердің” атты мақаласы жарияланды

Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің 2021 жылғы 16 желтоқсанындағы №150-151 санына Көсемәлі Сәттібайұлының “Отан бердің, От бердің, Қорек бердің” атты мақаласы жарияланды.




Көсемәлі Сәттібайұлы: Тәуелсіздік жылдары бірнеше көше ұлт зиялыларының атымен аталады




Тәуелсіздікке 30 жыл!

        Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – ел тарихының жарқын беті – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
        Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!




Мен үшін Тәуелсіздік деген не?




РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ БӘРІ АҚТАЛУЫ ТИІС

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №149 санына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия мүшесі, «Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві» мекемесінің директоры, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының газет тілшісіне берген сұхбаты жарияланды.