ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАР ЖАЙЛЫ тың деректер анықталды

     Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің 10.01.2022 жылғы №3 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлының ауқымды мақаласы жарияланды.



“Облыстың бірінші басшылары туралы кітап жарық көрді” атты мақала жарияланды

Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің 28.12.2021 жылғы №155 санына “Облыстың бірінші басшылары туралы кітап жарық көрді” атты мақала жарияланды.




АРХИВШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТ

      Осыдан жиырма үш жыл бұрын, 1998 жылы 22-желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат туралы» Заңы қабылданған. Бұл шын мәнінде Қазақстанның жаңа келбеттегі архив жұмысын қалыптастыруға және дамытуға негіз қалады әрі 22-желтоқсан архившілердің кәсіби мерекесі болып белгіленді.
      Осыған орай Руханият және тарихтану орталығының Мәжіліс залында жиын болып өтті. Жиында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мадиева баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Іс-шара соңында басқарма басшысы бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Оның ішінде облыстық архивтің архившісі Ф.Медеубаева, М.Исабекова Алғыс хатпен, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы Құрмет грамотасымен марапатталды.




“Архивы рассказывают… История области в событиях и лицах” атты мақала жарияланды

Жамбыл облыстық “Знамя труда” газетінің 20.12.2021 жылғы №151 санына “Архивы рассказывают… История области в событиях и лицах” атты мақала жарияланды.




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

       Отандық архив ісін реттейтін Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы 1998 жылы 22 желтоқсанда бекітілген. Енді міне, 22 желтоқсан – архившілердің заңды кәсіби мерекесі болып белгіленді. Осыған орай Алматы қаласы мемлекетітк архивінде үлкен конференция болып өтті.
       Конференцияға Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің басшысы Бораш Қуат Қахарманұлы арнайы келді. Сонымен қатар өңіріміздің түкпір-түкпірінен архив саласының басшылары, ардагерлері мен мамандары қатысты.
Республикалық конференцияға қатысушыларға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған Алматы қаласы мемлекеттік архивінің қор құрушыларының портреттік аллеясы, еліміздің мемлекеттік архивтерінің «Архив ісінің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері», «Ең басты игіліміз – Тәуелсіздік», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары», «Жауһар жәдігерлері» тақырыптық-экспозициялық көрмелері таныстырылды.
Форум соңында «Архившілер күні» кәсіби мерекесіне орай «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
      Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.




АРХИВШІ БОЛУ – АРДАҚТЫ МІНДЕТ, АСЫЛ ЕҢБЕК, АБЫРОЙЛЫ ІС

Жамбыл облыстық “Арай” газетінің 22.12.2021 жылғы №102 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Сәттібайұлының “Шаң басқан құжаттармен жұмыс істеу оңай емес” атты мақаласы жарияланды.
Сонымен қатар, аталмыш газет тілшісі архившілерден алған сұхбаттарымен бөлісті.




АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АРХИВІНДЕГІ ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТТАРЫ

Алматы қалалық мемлекеттік архивінде Желтоқсан көтерілісіне қатысты құжаттар баршылық. Студенттер мен жастардың мына құжаттары алаңда түсіп қалған немесе ұсталған кездерінде тәркіленген заттары.
Жас өрендердің суреттері де бар. Қандай қайсар ұрпақ десеңші!