“Алдыңғы толқын ағалардың жақсылығын көп көрдім” атты мақаласы жария етілді

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 04.04.2022 жылғы №39 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, жазушы Әділбек Баққараұлының “Алдыңғы толқын ағалардың жақсылығын көп көрдім” атты мақаласы жария етілді.




“Жамбыл қаласында Наурыз тұңғыш қашан тойланды?” атты мақаласы жария етілді

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 21.03.2022 жылғы №33-34 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, жазушы Әділбек Баққараұлының “Жамбыл қаласында Наурыз тұңғыш қашан тойланды?” атты мақаласы жария етілді.




17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

          «Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», – деп сонау 1992 жылдың өзінде, тәуелсіздіктің таңсәрі шағында, Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында Елбасымыз айтқан еді. Осы жылдардың өн бойында тарихқа құрметпен қараудың, өткенімізден өнеге алудың үйренерлік үлгісін көрсетумен келеді.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазіргі заманның бір ерекшелігі – жаһандану үдерісінің белсенді қарқын алуы. Бұл – ширек ғасыр бойында өз алдына дербес ел болған мемлекетіміз үшін аса жауапты шақ екені даусыз.
Тарих – заманның зердешісі де, шежірешісі де. Ал сол тарихтың қоныс тепкен жері – архив. Бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі деректі құжаттар әлі де болса ғылыми айналымға толық түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушілері мен зерттеушілерін күтіп жатыр.
Бүгінгі архив қызметі «шаң басқан архив» стереотипіндегідей емес. Күн сайын заман талабына сай жаңарып, қызметі түрленіп жатқан қызу жұмыс ортасы. Көзге көріне бермейтін, бірақ қоғам үшін маңызы алуан еңбек.




“Жаңа Қазақстан: Жаңару Мен Жаңғыру Жолы”

         Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.




“Бүгінгінің Бейімбет Майлині” атты мақала жарияланды

Жамбыл облыстық «Арай» газетінің 12.03.2022 жылғы №10 санына Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Сәттібайұлымен кездесу жайында “Бүгінгінің Бейімбет Майлині” атты мақала жарияланды.




“Ғасырмен құрдас газеттің ғибратты ғұмыры” атты мақаласы жария етілді

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 14.03.2022 жылғы №30 санына Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Сәттібайұлымен кездесу жайында мақала жарыққа шықса, газеттің дәл осы санына жазушының өзінің “Ақ жол” газеті туралы “Ғасырмен құрдас газеттің ғибратты ғұмыры” атты мақаласы жария етілді.




ӘДЕБИ ЖҮЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

🔹Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үздік қазақстандық және өлкелік шағармаларды өңір тұрғындары арасында кеңінен таныту, кітап оқуды ілгерлету, жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы мен олардың туындыларын жастар арасында насихаттау, кітапхана имиджін жоғарлату, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты жазушы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлының қатысуымен кітап пен оқуды қолдап, ілгерлетуге бағытталған «Жазушымен бір күн» облыстық акциясы аясында «Бейнелі сөз, бедерлі ой» тақырыбында әдеби жүздесу ұйымдастырды.
🔹Келелі кездесуде шығармашылық пен журналистика саласының тізгінін қатар ұстап, әдебиет айдынында еркін құлаш сермеп келе жатқан қаламгердің қазақ әдебиеті мен журналистикасына сіңірген еңбегі, ұстаздары мен шәкірттері, балалар прозасының миссиясы, шығармашылық ізденістер мен шынайы кейіпкерлер жайында ой қозғалды.
🔹Әдеби жүздесуге қатысқан филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Оразғалиұлы жазушының әңгімелерінің құрылымын талдаса, Қазақстан Жазушылар мен Журналистика одағының мүшесі, журналистика мен ақындықты қатар алып жүрген қаламгер, сатира саңлағы Бақытжан Советұлы қаламгер шығармаларының өзектілігіне тоқталып, «Бүгінгі күннің Бейімбет Майлині» деген баға берді.