ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!!!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
📌Әз-Наурыз босағамызға құтымен енсін. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Возможно, это изображение текст



20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ!

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және асық ату, тоғызқұмалақ, садақ атудан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
❇️Бұл айрықша күні біз Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің бай мұрасын, оның халқымыздың рухани және физикалық дамуындағы маңызын атап өтеміз.



🔱19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ!

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Бүгін ел аумағында ағаш отырғызылады.
📌Бұл дәстүр Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.



18-НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!

18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
❇️Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.



17-НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ!

Бүгін – әр отбасы үшін ерекше күн! Шаңырақ – береке мен бірліктің, татулық пен сүйіспеншіліктің символы. Отбасымыз аман, дастарханымыз мол, жүрегіміз мейірімге толы болсын!
📍Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп, ата дәстүрімізді дәріптейік. Әрбір шаңыраққа шаттық пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!



16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ

Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады.
✳️Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт-дәстүрі. Бұл күндері ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады.
 



15 НАУРЫЗ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ!

Бүгін – мейірімділік пен ізгіліктің күні! Қайырымдылық жасау – тек материалдық көмек емес, жылы сөз, шынайы қолдау, қамқорлық таныту.
✳️Бір-бірімізге жанашыр болып, жақсы істерге бастамашы болайық. Жақсылықты бөліскен сайын, ол көбейе береді!
✳️Кішкентай да болса игі іс жасауға асығайық!
Возможно, это изображение 1 человек и текст