ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

       Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімі бөлімдер арасында тәжірбие алмасу мақсатында кезекті Құжаттарды жариялау және пайдалану бойынша семинар-сабақ өткізді.
       Семинарда бөлімінің атқарған жұмыстары мен биылғы жоспарларымен бөлісіп, сұраныстарды орындау, оқу залының жұмыстары мен БАҚ-ы, жазылған кітап, мақала, баяндамалар жөнінде айтылды.



Құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі кезекті сабақ өткізді

          Құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері :
1) “Архивтік құжаттардың техникалық және физикалық-химиялық жәй-күйін тексеру мен есепке алу”
2) “Архивтік құжаттарды физикалық-химиялық және техникалық өңдеуден өткізу тәртібі (реставрация)” -, жайында кезекті сабақ өткізді.



КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҚ

       Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі  облыстық архивтің мамандарына “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесі бойынша  сабақ өткізді.



АРХИВ МАМАНДАРЫНА ӨТКІЗІЛГЕН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҚ

       Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі облыстық архивтің мамандарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген “Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары” тақырыбында сабақ өткізді. Күн тәртібінде құжаттама жасау, құжаттарды дайындау және ресімдеу тәртібі, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару, құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі түсіндіріліп, қосымша слайдпен көрсетілді.



ҒЫЛЫМИ-АНЫҚТАМАЛЫҚ АППАРАТ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-САБАҚ

      Архив қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру мен тәжірбие алмасу мақсатында облыстық архивте Ғылыми-анықтамалық аппарат жөнінде семинар-сабақ өткізілді.
Семинарда ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің атқаратын қызметтері оның ішінде архивтік анықтамалықтар, архивтік құжаттардың құрамы және мазмұны туралы, деректер базасы, құжаттардың тізімдемесі, жөнсілтері, каталог, сілтегіштер, құжаттарды шолу, Электронды архив ақпараттық жүйесіне тақырыптық карточкаларды енгізу жұмыстары жөнінде сладй арқылы түсіндірме жүргізілді.




“Мемлекеттік сақтаудағы Ұлттық архив қорының құжаттарын,басқа да архив құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбында салалық сабақ өткізілді

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі мекеме қызметкерлеріне “Мемлекеттік сақтаудағы Ұлттық архив қорының құжаттарын,басқа да архив құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбында салалық сабақ өткізілді. Бөлімнің маман-архивистері өздеріне міндеттелген жұмыс түріне шолу жасады,және сабақ өткізу аясында архив қызметкерлер арасында сұрақ жауап,пікірлер айтылды




МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР САБАҚ

      Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі Қазақстан Республикасы құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері туралы мекеме қызметкерлеріне семинар сабақ өткізді.