“ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАР ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚҰНДЫ” атты тақырыпта оқу сабағы

 

         Бөлім арасындағы тәжірбие, ақпарат алмасу мақсатында өткізілетін оқу сабақтары жалғасуда. Бүгіңгі сабақ жеке тектік құжаттарға арналған.
Архив қорларының бір бөлігін құрайтын жеке тектік құжаттар өз деңгейінде құнды. Қазіргі таңда облыстық архив қорында 17 жеке тектік қор, 1374 сақтау бірлігі бар.
Кеңес үкіметі құлап, Тәуелсіз Қазақстан өз алдына ел болған шақта, қоғамда түрлі жетістіктерімен жетістікке жеткен тұлғалар шықты. Басым көпшілігі өз еңбегімен еленген айтулы тұлғалар.
        Облыстық архивте ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Күләш Ахметова, Қазақстан Жазушылары және Журналистер Одағының мүшесі Арғынбай Бекбосын, Қазақстан Жазушылары және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, мәдениет қайраткері, Мақұлбек Рысдәулет, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-хирург, Сағындық Ордабеков, филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті абайтанушы, атақты ғалым Мекемтас Мырзахметұлы, кардиохирург ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Сейітхан Жошыбаев, Жамбыл облысының тарихында алғашқы «Қазақстанның Еңбек Ері», айрықша ерекшелік белгі «Алтын жұлдыз» атағының иегері, фосфор өндірісінің ардагері Мұқаш Зұлқайнарұлы Ескендіров, Олимпиада чемпионы, 1-дәрежелі «Барыс» орденінің, Вэл Баркер кубогінің иегері Бахтияр Артаев, «Еуразия Барысы» Халықаралық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев секілді тұлғалардың жеке тектік құжаттары сақтауда.



ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ

        Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдап, сақталынуымен бірге оларға орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізу жұмыстары атқарылады. Мұның өзі жиі пайдаланылатын және құнды құжаттардың мәңгі сақталуын қамтамассыз етеді. Бұл болашақ үшін аса қажет.
  



Ақпараттық технология бөлімі семинар сабақ өткізді

Ақпараттық технология бөлімінің қызметкерлері архив ұжымына “Құжаттардың Бірыңғай Электронды Архиві” ақпараттық жүйесінің жұмысы және бөлімнің жұмысы жайында семинар сабақ өткізді

 




«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ»ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ

Жамбыл облысы мемлекетік архиві қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, әр бөлімнің атқарып отырған жұмыстарын білу мақсатында өткізіліп жүрген семинар-сабақтың бүгінгі тақырыбы – «Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» жөнінде өтті.



ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ




Тәжірибелік іс-сапар

        Жамбыл облысының аудандық, қалалық және облыстық архив мамандары Шымкент қаласына арнайы семинар-сабақтар мен тәжірибе алмасу бойынша іс-сапарға жіберілген болатын. Мамандарымыз алғашқы күндері семинар-сабақтар мен жиындарға қатысып, келесі күні өңірдегі архив мекемелерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Түркістан облыстық мемлекеттік архиві және Шымкент қалалық архив мекемелеріне табан тіреген әріптестеріміз жергілікті архив саласының өзекті мәселелері бойынша ақпарат ала алды.



«Архивті Қазақстан Республикасы үшін маңызы бар шетелдік архивтік құжаттармен немесе олардың төлнұсқа құқығындағы көшірмелерімен толықтыру» тақырыбында семинар-сабақ

        Жамбыл облысы мемлекетік архиві қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, әр бөлімнің атқарып отырған жұмыстарын білу мақсатында өткізіліп жүрген семинар-сабақтың бүгіңгі тақырыбы – Шетелдік архивтік қорлардағы құжаттар және ол құжаттардың көшірмелерін едімізің архивтеріне алып келу мәселесі аясында болды .
Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің қызметкерлері аталмыш тақырып бойынша жүргізген жұмыстарына тоқталып, тақырыптың мәні мен маңыздылығын түсіндірді.