“АРХИВ-2025: НӘТИЖЕЛЕР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР” атты ғылыми-тәжірибелік конференция
Еліміздің бас қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен ” Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары” тақырыбында іс-шара өтті. Конференция барысы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қ.Бораштың құттықтау сөзімен ашылып, “АРХИВ-2025” бағдарламасы бойынша шетел архивтерінде табылған құжаттар бойынша баяндама оқылды.
СЕМИНАР-САБАҚ
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мәдениет, білім, сот, денсаулық салаларының мекемелеріне 24.11.2023 ж. «Ұлттық архив қорының және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыптарында семинар-сабақ өткізді.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАЯРЛЫҚ
Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласы бойынша бірқатар мекеме қызметкерлеріне оқу сабақтарын өткізді.
Мекеме қызметкері Қ.Борашев аталған семинарға қатысып, сертификат алды.
«Архив-2025» тақырыбында семинар-сабақ
«Еркін елдің ұрпағы»
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану»
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану тақырыбы бойынша Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бөлімдер арасындағы тәжірбие алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Семинар барысында архив қызметкерлері аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.