“АРХИВ ІСІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА МЕН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ” АТТЫ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 14-15 қараша күндеріі Тараз қаласы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру» өңірлік семинары өтті. Семинарға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстық, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Тараз қалалық, аудандық архив мекемелерінің басшылары мен жергілікті ведомстволық архив мекемелері жалпы саны 400-ге жуық мамандар қатысты.
🔱Семинардың негізгі мақсаты архив мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық тәжірибемен алмасу болып табылады.
📍Іс-шараның негізгі спикерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нұртасқызы мен Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Даулетбаева Хорлан Дәуренқызы болды.
📌Салтанат Нұртасқызы «Архив ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында өзгерген және күшін жойған заңдар мен қаулылар, уәківлетті органның бұйрықтары, заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормалар жөнінде түсіндірді.
🔍Хорлан Дәуренқызы «Архив ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында архив ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер , архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру, мемлекеттік қызметті көрсету жолдары, қазақстан республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, мемлекеттік қызметке қатысты негізгі түсініктер, қызметті көрсету тәртібі, нысаны, нәтижесі мен көрсету процесіндегі өзгерістер жөнінде тоқталды.
Жалғасы⬇️



“АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ АҚПАРАТ ЖІКТЕУІШІН ӘЗІРЛЕУ”

Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастауымен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде “Архив қорының құжаттық ақпарат жіктеуішін әзірлеу” жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, 14-18 қазан күндері жіктеуіш әзірлеген болатын.
🔍 Бұл жұмысшы топ құрамында ҚР Ұлттық архиві, Орталық мемлекеттік архиві, өңірлік архивтер мен қатар Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінен бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы қатысқан болатын.
📎 Ұлттық архив қабырғасында атқарылған жұмыстар туралы мекеме қызметкерлеріне түсіндіріліп, Ұлттық архивтің тыныс-тіршілігінен хабар берілді.
Возможно, это изображение 6 человек и текст



⚜️«ЖӨНСІЛТЕРЛЕРДІ, КАТАЛОГТАРДЫ, СІЛТЕГІШТЕРДІ, ШОЛУЛАРДЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ»

🔱Облыстық архив қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, біліктілігін арттыру мақсатында “ЖӨНСІЛТЕРЛЕРДІ, КАТАЛОГТАРДЫ, СІЛТЕГІШТЕРДІ, ШОЛУЛАРДЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ” атты тақырыпта семинар-сабақ өткізілді.
📌 Сабақтың өзекті тақырыбы жөнсілтердің жасалу тәртібі мен құрылымдары туралы слайд арқылы көрсетіліп, қызметкерлерге түсіндірілді.
#архив2025



📜 «МҰРА ИНСТИТУТТАРЫ ҚОҒАМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРХИВШІЛЕРІНІҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІНЕ ТҰЖЫРЫМДЫҚ ЕСЕБІ

📌 Қазан айының 2-4 жұлдыздарында өткен «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты тақырыпта Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресі өткен болатын.
📌 Іс-шара барысында өзгермелі климат жағдайындағы архивтеудегі қиындықтарды жеңу, мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру тақырыптары аясында өрбіп, баяндамалар оқылған етін.
📌 Конгреске Жамбыл облысының мемлекеттік архивінен «Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімінен қатысқан басшысы өткен іс-шараны резюмелеп және тұжырымдап семинар-есеп өткізді.
#архив2025



📣 АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ АҚПАРАТ ЖІКТЕУІШ ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

📌 Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде архив қорының құжаттық ақпарат жіктеуіш әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтуде.
📌 Бұл жұмысшы топтың негізгі мақсаты әр өңірден келген сарапшылардың республика көлемінде бірыңғай құжаттық ақпарат жіктеуішін әзірлеу болып табылады.
📌 Отырыс барысында топ мүшелері ақпараттық салалары бойынша ұсыныстарды, ескертулерді қарастыруда.
📌 Жіктеуіште мемлекеттік басқару, сот, қаржы, статистика, еңбек, өндіріс, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл, орман, су шаруашылығы, сауда, білім, тәрбие, ғылым, өнер және тағы да басқа салалар қамтылған.
#архив2025



⚜️ “АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА БЕРУ ТӘРТІБІ” ТУРАЛЫ СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

📌 Облыстық архивтің бөлімдер арасында өзара тәжірбие алмасу мен біліктілікті көтеру мақсатында семинар-сабақтар ұйымдастырылып отырады.
📍 Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімі “Архив құжаттарын пайдаланушыларға беру тәртібі” атты тақырыпта семинар-сабақ өтті.
🔍 Семинар-сабақта құжаттарды цифрлы форматқа өткізу кезінде оны дайындау мен тексеру жұмыстары, зерттеушілерге, мекеме қызметкерлеріне құжаттарды беру тәртібі түсіндірілді.
#архив2025



⚜️ “АРХИВТІК ІСТЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰЖАТТАМАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ.

Тамыз айының 9-жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде «Архивтік істерді және басқа да құжаттамаларды техникалық өңдеу» тақырыбында семинар-сабақ өтті.
📌 Семинарға мамандандырылған ауданаралық соттардың және аудандық соттардың архивке жауапты мамандары, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлтттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
🔍 Семинарда Ұлтттық архив қорын толықтыру бөлімінің бас сарапшысы Д.Атышева семинар тақырыбына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында аталмыш мәселе бойынша сұрақтар қойылып, қызу талқыға салынды.
#архив2025