«АБАЙ СӨЗІ-ҚАЗАҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ»

Бүгін «Архив және қоғам» іс-шаралар циклі аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесінің ұйымдастырылуымен «АБАЙ СӨЗІ-ҚАЗАҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ» тақырыбында «ZOOM» платформалық бағдарламасымен онлайн түрде дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласын талқылау, Абайдың мұрасын жаңғырту, архивтегі құжаттарды болашақ ұрпаққа сақтап, жеткізу мәселелері тақырыбында сөз болды.
Жамбыл облыстық архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы онлайн конференцияда «Абай мұрасы мәңгілік» тақырыбында шағын баяндама оқыды.




ҰАҚ және басқа да архивтік құжаттарды (қағаз және электронды түрдегі) ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі бойынша онлайн семинар-сабақ

11.06.2020 жылы сағат 11.00-де  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі карантин жағдайына байланысты жинақтау көздері болып табылатын 151 мекемеге Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру  бөлімі «Ұлттық архив қорын және басқа да архивтік құжаттарды (қағаз және электронды түрдегі) ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» бойынша ZOOM бағдарламасы арқылы семинар-сабақ өткізді. Мекеме  қызметкерлері семинар-сабақ  басында әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді және слайд көрсетілді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




«Жемқорлықсыз-қоғам жарқын болашақ»

09.06.2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі карантин жағдайына байланысты «Жемқорлықсыз-қоғам жарқын борлашақ» атты тақырыпта «Zoom» бағдарламасы арқылы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Омаров Дауренмен онлайн түрде дөңгелек үстел өткізілді. Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды және нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі. Архив қызметкерлері дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.




«Терроризм сақ бол!»

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері туралы қызметкерлермен дөңгелек үстел өткізу жоспарлан. Қазіргі карантин жағдайына байланысты мекемеде 2020 жылы 28 мамыр күні сағат 12.00-де «Терроризм сақ бол!» атты тақырыпта дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Балхожаев Азамат арнайы «Zoom» бағдарламасы арқылы тікелей эфирде онлайн дәріс өткізді.

Онда діни сауаттылықты көтеру және бөтен пиғылдағы адамдардың іс-әрекетінің алдын кесу аса маңызды екені, мемлекет тарапынан діни экстремизмнің алдын алу, сақтық шараларын жүзеге асыру үшін халық арасында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы және де, діни экстремизмнің және терроризмнің орын алу себептері, оған тосқауыл қою мәселелері жөнінде нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі. Архив қызметкерлері дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 




Ведомстволық архивтің 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары

«Ведомстволық архивтің 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары,құжаттарды қабылдау-өткізу актісінің үлгісі» бойынша семинар

«Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-сі Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-І заңының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы №1 хаттамасымен бекітілген «Ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағаты туралы үлгілік ережесі», «Ұйымның орталық сараптау комиссиясы (сараптау комиссиясы) туралы үлгілік ережесі», «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ 02.03.2020 ж. №2 шығыс хаты негізінде жинақтау көзі тізіміне енгізілген мекемелер арасында «Ведомстволық архивтің 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары,құжаттарды қабылдау-өткізу актісінің үлгісі» бойынша 2020 ж. 11 наурыз күні  семинар сабағы өткізілді. Барлығы 56 мекеменің 40 мамандар қатысты.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Құжаттама жасау құжаттаманы басқару және құжат айналымы жүйелерін пайдалану

“Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жуалы ауданының мемлекеттік архиві” КММ-нің 2020 жылғы жоспар бойынша 25.02.2020 жылы  ауылдық округтерге, аудан әкімдігінің бөлімдеріне және білім, спорт саласы, денсаулық саласына қарасты мекемелерге «Құжаттама жасау құжаттаманы басқару және құжат айналымы жүйелерін пайдалану» атты семинар-сабақ өткізілді. Б.Момышұлы ауылдық әкімшілігінде семинарға барлығы 50-ден астам мекемелерінің мамандары шақырылып, мамандары толғандырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




БҰЛ СЕМИНАРДЫҢ ПАЙДАСЫ ЗОР!

Екі күнге созылған семинар-сабақ бүгінде жалғасын тапты. Жамбыл облысы мемлекеттік архив мекемесіне дене шынықтыру және спорт, туризм, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет және өнер, кәсіп одақтар мен үкіметтік емес ұйымдары саласынан 34 маман қатысты. Оларға архив қызметкерлері «Құжаттаманы жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында әдістемелік кеңес берілді.