ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАУҒА ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ» БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ

Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі жылдық жоспарға сәйкес жинақтау көзі тізіміндегі мекемелерге, атап айтқанда мәдениет, өндірістік, әлеуметтік сала қызметкерлері «электронды құжатайналым, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі» бойынша семинар сабақ өткізді. Семинар тақырыбына байланысты бөлім қызметкерлері Г.Кулибаева, Д.Атышева, С.Сапарбекова, А.Айтенова мағлұмат берді. Семинар барысында ұйымның ведомствалық архивіне жауапты мамандар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.




ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында ҚБЭА АЖ бойынша семинар болды. Семинарға облыстық, қалалық және аудандық архив мамандары қатысты. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Айгүл Мадешқызы Кисикова бастаған бұл жиын ҚБЭА АЖ арқылы ҒАА құру, каталогтар, шолу, жөнсілтер, сілтегіштерді дұрыс енгізу бағытында жұмыстар жүргізілді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ

Аталмыш семинар жалғасын тауып, бұл жолы семинарға «Жамбыл облыстық Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және департаменттер, инспекциялар семинар сабаққа қатысты.




ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, ҰАҚ қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив – 2025» бағытын негіздей отырып 2021 жылдың 26 ақпанында “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” АЖ тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқармаларға семинар сабақ өткізілді. Аталған семинарға ҚБЭА АЖ жауапты мамандар қатысты. Семинар барысында «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесінің функциялары түсіндірілді. Семинардың негізгі мақсаты Е-Архив ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу қағидаларын түсіндіру және құжаттарды электронды түрге енгізу тиімділігін түсіндіру.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Аталмыш семинар жалғасын тауып, бұл жолы семинарға «Жамбыл облыстық Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және департаменттер, инспекциялар семинар сабаққа қатысты.




«ҒЫЛЫМИ-АНЫҚТАМАЛЫҚ АППАРАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ» АТТЫ СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мәжіліс залында «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» тақырыбында семинар-сабақтың жалғасы 13 қараша күні өз жалғасын тауып, Мойынқұм, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі аудандық мемлекеттік архивінің мамандарымен өткізілді.

#gallery-4 { margin: auto; } #gallery-4 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-4 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-4 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Карантиндік талаптарын сақтай отыра өткізілген семинарда, ғылыми-анықтамалық аппарат құру тәртібі, сілтегіш, тізімдеменің анықтамалық аппараты, алғысөз, жөнсілтер, каталог, шолулардың заңдық тұрғыда жасалуын слайд бойынша түсіндірме жасалынды.




«ҒЫЛЫМИ-АНЫҚТАМАЛЫҚ АППАРАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ» АТТЫ СЕМИНАР

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мәжіліс залында «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» атты тақырыбында семинар-сабақ өтті.

 

Карантиндік талаптарын сақтай отыра өткізілген семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Кисикова Айгүл Мадешқызы, Тараз қалалық, Жуалы, Талас, Сарысу, Байзақ, Жамбыл аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысты.

Алғашқы сөз кезегін Архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Кисикова Айгүл Мадешқызы алып, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, ақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» бойынша жұмыс жүргізу керектігін баса көрсетті.

Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы Сағындық Зейнуллаұлы арнайы дайындалған слайд бойынша, ғылыми-анықтамалық аппарат құру тәртібі, тізімдеменің анықтамалық аппараты, алғысөз, жөнсілтер, каталог, сілтегіш, шолулардың заңдық тұрғыда жасалуына анықтама берді. Семинар барысында сұрақтар қойылып, атқарылатын жұмыстар талқыланды. Іс-шара 13 қараша күні де өзге аудандық архивтердің қызметкерлеріне өткізіледі.