Қуғын-сүргін құрбандары жайында онлайн семинар

«Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандары бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу туралы» онлайн семинар
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Жобалық кеңсе мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандары бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу туралы» тақырыбында онлай семинар өткізілді.
Семинарға Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл , Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының қуғын-сүргінге ұшырағандар санаты бойынша өңірлік комиссиялардың жұмыс топтары қатысты.



ZOOM бағдарламасы арқылы семинар-сабақ өткізілді

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары бойынша онлайн семинар
31.08.2021 жылдың сағат 15.00-де Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі карантин жағдайына байланысты жинақтау көздері болып табылатын 50 мекемеге Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары бойынша ZOOM бағдарламасы арқылы семинар-сабақ өткізді. Мекеме қызметкерлері семинар-сабақ басында әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.



«Терроризм – бүгінгі ғасырдың дерті» атты дөңгелек үстел

23.07.2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облыс әкімдігінің дін істері басқармасының» инспекторы Бекмолдаев Бексұлтанның жетекшілігімен «Терроризм – бүгінгі ғасырдың дерті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел басында діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризмнің адамзат қоғамына шынайы қауіпі, олардың XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелердің бірі екендігі тілге тиек етілді. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің, қоғамды, әсіресе жастардың санасын улаған діни экстремизм мен терроризмнен арашалап алудың жаңа тәсілдерін іздеу қажеттілігі жеткізілді. Аталмыш тақырыпта жиын барысында бейнеролик көрсетілді. Архив қызметкерлері әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.



“ZOOM” бағдарламасы арқылы онлайн режимінде біліктілікті арттыру бойынша сабақ болып өтті

“Әкімшіліктік және ақпараттық технология Институты” Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесе отырып, архив құжаттары мен құжатайналымының негізгі сұрақтары бойынша қысқа мерзімді ай сайын болатын курстарды жоспарлаған.
Үстіміздегі жылдың 23-24 маусым күндері, “ZOOM” бағдарламасы арқылы онлайн режимінде біліктілікті арттыру бойынша сабақ болып өтті. Онлайн оқудың күн тәртібінде аудиовизуалды архивтік құжаттарды алу, құндылық сараптамасы, сақтауды және сақтауды пайдалануды, мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, электрондық архив құру және т.б мәселелер қаралды.
Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Айгүл Ибрагимқызы Тыныбекова аталмыш шараға қатысты.



Жас архившілердің Жазғы мектебі жалғасын табуда

Үш күнге жоспарланған бұл форумның екінші күнінде де архив саласы бойынша дәрістер оқылды. “Финляндия Ұлттық мұрағаты: тарих, коллекциялар, ақпараттық ресурстар, деректер қоры және бұрынғы КСРО республикасының мұрағаттары және мұражайларымен ынтымақтастық туралы”, “Қамтамасыз етудегі мультимедиялық құжаттама басқарушылық коммуникация” және “Ресейдегі электрондық құжаттармен басқаруды реттеудің заманауи үрдістері” сынды өзге де күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жетекші мамандар тілге тиек етті.
Жамбыл облысының мемлекеттік архиві тарапынан, “Zoom” бағдарламасы арқылы онлайн режимінде өткізіліп жатқан бейнеконференцияға Е. Әбілтаев және Ж. Ділдабеков қатысты.



«Парақорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел

 

22.06.2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Парақорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ажибаев Айбек дөңгелек үстел өткізілді.
Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды және нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі. Архив қызметкерлері дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.



«Электронды құжатайналым, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі» бойынша семинар сабақ

Семинар жалғасын тауып, бұл жолы жинақтау көзі тізіміндегі білім, денсаулық сақтау, кәсіподақ қызметкерлері «электронды құжатайналым, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі» бойынша семинар сабақ өткізілді. Семинар тақырыбына байланысты ұйымның ведомствалық архивіне жауапты мамандар түрлі сауалдар қойып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.