Ақпараттық технология бөлімі семинар сабақ өткізді

Ақпараттық технология бөлімінің қызметкерлері архив ұжымына “Құжаттардың Бірыңғай Электронды Архиві” ақпараттық жүйесінің жұмысы және бөлімнің жұмысы жайында семинар сабақ өткізді




«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбында мекемелерге семинар

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 5 қарашасында сағат 11.00-де және 15.00-де жинақтау көздері тізіміндегі 46 мекемеге семинар-сабақ өткізді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілеріне қысқаша шолу, істер номенклатурасын жасау, қалыптастыру және сақтау, ұйым архивінің (ведомстволық) құжаттарын қабылдау, сақтау есепке алу мен пайдалану, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі қарастырылды.
Семинар барысынды қатысушылар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, оған архив қызметкерлерінен қанағаттанарлық жауаптарын алды.



Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында елімізде барша мемлекеттік қызмет көрсету түрлері электронды түрде жүргізілуде. Соның ішінде архивтік анықтамалар беру қызметі де бар. Әсіресе электронды түрде қызмет көрсету өзектілігі пандемия кезінде екі есе артты.
Пандемия кезіндегі архив саласындағы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен жолдарын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының мемлекеттік архиві семинар өткізді.



«1939-1945 жж. Фашистік германия, финляндия Және басқа еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ «түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскери тұтқындар бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу туралы» тақырыбындағы топтық семинар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсесінің «1939-1945 жж. фашистік Германия, Финляндия және басқа Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскери тұтқындар бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу туралы» тақырыбындағы топтық семинар өтті.
Аталмыш семинарда Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама оқыды.



«Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» конференциясы

20-21 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Архив-2025» жобасы аясында және Қазақстан Республикасының Президентінің архивінің ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» тақырыбында III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Конференцияда әлемдік архив ғылымының жетістіктері және экономика мен қоғамның жеделдетілген технологиялық жаңғыруының тәжірибелерін, цифрлық технологияларды белсенді енгізу негізіндегі архивтер қызметінің жаңа мазмұнын ескере отырып, архив ісінің жағдайы мен даму келешегі талқыға салынды. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің рөлі, архив саласының жағдайы мен мәселелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуы және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Аталмыш конференцияға Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Ж. Есентаева және М.Саурыкова қатысып, еліміздегі архив саласындағы жұмыс барысы, архив ісіндегі мәселелер мен тәжірибелер туралы ақпарат алды.



ОНЛАЙН СЕМИНАРЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Жобалық кеңсе мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «1916-1930 жылдары түрлі зорлық-зомбылық саяси науқандары мен ашаршылықты өткізу барысында мемлекеттің жазалаушы акциялары мен биліктің саяси қуғын-сүргіндері нәтижесінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындар туралы материалдарды жинау бойынша тәжірибемен алмасу» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Семинарға Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының қуғын-сүргінге ұшырағандар санаты бойынша өңірлік комиссиялардың жұмыс топтары қатысты.
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы – Сағындық Зейнуллаұлы аталмыш семинарда “Саяси қуғын-сүргін зардабынан босқындыққа ұшырағандарды іздестіру, тәжірибе, ақпарат алмасу” тақырыбында баяндама жасады.
Онлайн семинар соңынан күн тәртібіндегі негізі сұрақтар бойынша қызу пікір алмасу болып өтті.



«ДӘСТҮРЛІ ДІН ӨКІЛДЕРІ – САЯСИ ҚҰҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР ЖИНАУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН АЛМАСУ ТУРАЛЫ»

Жобалық кеңсе мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі дін өкілдері – саяси құғын-сүргін құрбандары бойынша материалдар жинау тәжірибесімен алмасу туралы» тақырыбында онлай семинар өткізілді.
Семинарға Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының қуғын-сүргінге ұшырағандар санаты бойынша өңірлік комиссиялардың жұмыс топтары қатысты.
Жамбыл облысы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, облыстық тарихи- мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру дирекциясының ғылыми қызметкері – Абдиев Ерман Қанжанұлы өзінің баяндамасын оқыды.
Онлайн семинар соңынан күн тәртібіндегі негізі сұрақтар бойынша қызу пікір алмасу болып өтті.