СЕМИНАР-САБАҚ

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бөлімдер арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді рәсімдеу, ұйым архивіне беру тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Семинар барысында архив қызметкерлері аталмыш мәселені қызу талқыға салып, өзара сұрақ-жауаптармен алмасты.



СЕМИНАР-САБАҚ

Облыстық архивтің “Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі” бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мекемелерге «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді рәсімдеу, ұйым архивіне беру тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.



“АЛАШОРДА ІСІ” АТТЫ КӨПТОМДЫҚТЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

🔍Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бастамасымен жарық көрген “Алашорда ісі” атты 12 том архив құжаттарына негізделген жинақ жарық көрді.
📎Алашорда тарихымен, Алаш азаматтарының атқарған еңбектерінен және өзге де оқиғалардан хабар беретін жинақты М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс білігерлеріне таныстырылып, насихаттау жұмыстары жасалынды.
#архив2025



«ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР

✒️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесінің жұмысын тиімді жүргізу мақсатында семинар өткізілді.
🔍Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында өткен семинар-кеңесте электрондық құжаттарды ЭҚАБЖ-дан «Е-архив» АЖ-ның «Ведомстволық архив» модуліне миграциялау, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары архившілері өз тәжірбиелерімен бөлісті.
📍Іс-шара барысында «Е-архив» АЖ-ны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші «Iserv» ЖШС-інің қатысуымен жүйе пайдаланушыларға электрондық құжаттардың құндылығына сараптама жасау, мемлекеттік сақтауға қабылдау тәртібі туралы оқыту жүргізілді.
📌Кеңеске Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының маманы А.Кисикова, облыстық архивтің бөлім басшылары Г.Кулибаева, А.Қыстаубай, архившілер Л.Кузенбаева, Л.Жуматаева қатысты.
📎Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Алиұлы, Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы С.Тащанова, Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Х.Даулетбаева ақпараттық жүйенің жұмыстары туралы айтты.
#архив2025



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРХИВІ ЕЛОРДАҒА АУЫСТЫ

Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Репсубликасы Президенті архиві Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Елордамыз Астана қаласындағы жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа, заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы келіп аралады.
Қазақстан Республикасының Президенті архиві – 1918 жылдан бері келе жатқан еліміздің тарихы мол жинақталған іргелі архивтердің бірі. Мұнда еліміздің Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық қайта құру үрдістері мен әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша материалдар бар.
Ал жаңа ғимарат ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.
Арнаулы ғимаратта құжат сақталатын қоймалар, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 архив қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.
#архив2025



Жас зерттеушілер батыр тарихын зерттеуде

Тараз қаласындағы “Оқушылар сарайы” мектебінің 4-8 сынып оқушылары облыстық архивке келді.
📌 Келудегі басты мақсаты жамбылдық Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр майдангерлердің өмір тарихымен, көрсеткен ерліктерімен тереңірек танысып, зерттеу.
📌Анна Вальеревна бастаған үйірме оқушылары Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылған 8 майдангерлердің, архивте сақтаулы соғыс жылдары шыққан “Коммунист” газеті, Тараз қаласының тарихынан сыр шертетін фотоальбомдармен танысып, көптеген мәліметтер алды..
📌Жас зерттеушілердің өңір тарихына деген қызығушылығы артып, архив қызметкерлеріне алғыс білдірді.



«АРХИВ ІСІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА МЕН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ» ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастауымен өтіп жатқан «Архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру» өңірлік семинарының 3-ші күні Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде жалғасын табуда.
📍Семинарға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстық, Алматы, Шымкент, Тараз қалалық, аудандық архив мекемелерінің басшылары мен мамандарынан тұратын жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты.
📌Семинар барысында Салтанат Нұртасқызы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына түсініктеме беріп, слайд арқылы түсіндірді.
🔍Хорлан Дәуренқызы «Электронды үкімет» веб порталы, «Азаматтарға арналған үкімет», «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы айтып, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі принциптерін айтып өтті.
📎Әр өңірден келген мекеме басшылары мен аудандық архив директорлары шара соңында сұрақтарын қойып, пікір алмасты.