“ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ – ЗАМАНАУИ ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІ” АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

       Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің мәжіліс залында архив қызметкерлеріне экстремизм, терроризм туралы түсінікті қалыптастыру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын түсіндіру, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатушылыққа жол бермеу мен бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгілік жөнінде ой қозғалған “ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ – ЗАМАНАУИ ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІ” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
       Дөңгелек үстелге “Дін проблемаларын зерттеу орталығының” ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Атамқұлов батырбек Керімбайұлы арнайы шақыртылып, терроризм мен экстремизмнің қауіп-қатері жөнінде айтылды.



АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЗЕРДЕЛЕУ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Л.Қожаханова мен орынбасары А.Тыныбекова “Архив құжаттарын пайдалану” бөлімінің – архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру жұмысын зерделеп, жетілдіруді тапсырды.



«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-ҚОҒАМ МІНДЕТІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам міндеті» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жетекші маманы- Ажибаев Айбек архив қызметкерлеріне жемқорлықпен күресудің жолдарын түсіндірді.
Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын айтып, мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды. жемқорлық жөнінде слайд көрсетілді.



АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ

Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде құжаттардың физикалық,санитариялық-гигиеналық,техникалық жай-күйіне және аса құнды жиынтықтылығына тексеру жүргізу Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік есебін жүргізу бөлімінің негізгі міндеті болып саналады.




Мемлекеттік сақтаудағы архивтік қор құжаттарына кезектен тыс “Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру” жұмыстары жүргізілуде




“МӘДЕНИЕТ КҮНІ” ЖУАЛЫНЫҢ ТӨРІНДЕ ТОЙЛАНДЫ

 




«Сканерлеу» тақырыбы бойынша семинар сабақ

Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімі “Сканер және оның тарихы” атты семинар сабақ өткізді.