Электронды-цифрлық форматтағы құжаттардың жай-күйін тексеру жұмыстары.

Комиссия мүшелері тексеріс барысында «Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар кеңесінің атқарушы комитеті» қорының құжаттары бойынша №2 тізімдемесіндегі №200-210 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сканерлеу жұмыстарын, құжатты тігу барысын көріп, талқылады.



«Архив және болашақ ұрпақ»

21.09.2023 жылы «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Архив-халық мұрасы»тақырыбында ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға аудандық «Сарысу» газетінің тілшісі С.Есқараев, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі С.Қашманбетова мен 11-сынып оқушылары және Сарысу ауданының «№11 колледжінің» мұғалімі С.Елеуқұлов пен студенттері қатысты. «Ұлы өнердің ұлағатты тұлғалары» тақырыбында А.Ашимовтың және И.Жақановтың архивтік құжаттары негізінде көрме жасалып, архивист М.Акмолдаева таныстырды. Көне латын тіліндегі құжаттар бойынша М.Абилова түсіндірме жасады. Заманауи жылжымалы сөрелер орнатылған архивтік қоймаға экскурсия жасалып, қағаз құжаттарды шаңнан арылту жұмыстарын А.Башенова көрсетті. Қағаз негізіндегі құжаттарды ЭЦФ көшіру жұмыстарымен А.Темирова таныстырды.

HHFO8763




«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Архив- тұнған тарих» атты ашық есік күні және латын тіліндегі құжаттар көрмесі өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 21.09.2023 жылы «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Архив- тұнған тарих» атты ашық есік күні және латын тіліндегі құжаттар көрмесі өтті.




«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Жамбыл облысы мемлекеттік архиві «Ерлік» мемориалдық кешенінің «Даңқ» залында Мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен «АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» атты республикалық ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №36 және 35 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары, «Парасат» колледжінің 1-курс студенттері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» факультетінің 1-курс студенттері және БАҚ өкілдері барлығы 98 көрермен қатысты.
Іс-шарада Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің атқаратын қызметі туралы қамтылған ақпараттық стенді, мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен зиялы тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде «Жамбыл облысының мәдениет қайраткерлері» атты көрме, Ленинград заң институына қатысты облыстық архивте сақтаулы архивтік құжаттар, 1945 жылғы «Коммунист» газет тігінділері, соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланғандар жөніндегі мәліметтер, 1941 жылы маусым айында, Бас қолбасшының бұйрығы бойынша 105 дербес ұлттық атты әскер дивизиясы, 81 гвардиялық атты әскер дивизиясы, 678 жеке атқыштар батальоны, дербес инженерлік құрылыс батальоны, газсыздандыру отряды, 5 теміржол ротасы, 1914, 1913 және 1919 жұмысшы батальондарының жасақталуы жөнінде ақпараттар қамтылған көрмелер ұйымдастырылды.
   



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ РҮСТЕМ АЙДЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ.




30-ТАМЫЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ

Қазіргі таңда халықаралық аренадағы, экономикадағы, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қол жеткен оң жетістіктеріміздің барлығы мемлекеттігіміздің сара саясатын айқындап берген даңғыл жолымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады.
Ата заңымыз мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжаты.
Міне, сол біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңға 28 жыл толып отыр.
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам бас¬ты.
Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Баласағұн» мәдениет сарайында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті архивінің бірінші санатты архивисті Тәжібаева Бекзат Тоқанқызы мен сарапшы Дүйсенова Гүлжан Нұржұманқызы арнайы шақырылды. Президент архивінің қызметкерлері өз тарапынан Ата заңымызға қатысты архивтік құжаттардан тұратын көрме ұйымдастырып, Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов бастаған зиялы қауым өкілдеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.
Көрменің тақырыптық-экспозициялық жоспары 1993-2000 жылдарға арналған 20 экспонатты біріктіреді. Экспонаттар архивтік құжаттардың, фотосуреттердің көшірмелері түрінде ұсынылған. Барлық экспонаттар тақырыптық-экспозициялық жоспарда хронологиялық тәртіпте, қысқаша аннотациямен көрсетілген.



ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Мекеме сақтауындағы №209, №215, №220 қорларға кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Құжаттардың бар болуы мен жай-күйі тексерілді.