ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ АРХИВІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері С.Сапарбекова, Э.Мирзаева және А.Айтенова Жамбыл облысы әкімдігі аппаратына және Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» (ЭҚБАЖ) ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып істер номенклатурасы, құжаттардың құндылығын сараптау, логин, пароль алу беру тәртібі және тағы басқа жұмыстары түсіндірілді.




“Ер Бауыржан есімі ұмытылмайды” атты дөңгелек үстел




«ЕР БАУЫРЖАН ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»

«ЕР БАУЫРЖАН ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ» атты дөңгелек үстел өтті.

Биыл алдағы желтоқсан айында батыр бабамыз, Ұлы Отан соғысының қаһармандарының бірі, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толмақ. Осынау мерейлі дата қарсаңында Жамбыл облысы мемлекеттік архиві «Ер Бауыржан есімі ұмытылмайды» атты дөңгелек үстел өткізуді жөн деп тапты.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Бауыржан Момышұлы біздің өңірдің тумасы. Жуалы жерінде дүниеге келген ол қазақ халқының даңқын алысқа шығарған асыл перзенттердің бірі бола білді. Бауыржанның туған жері, өскен ортасы, ұшқан ұясы жайлы деректер мен дәйектер Жамбыл өңірінде жеткілікті. Облыстық архивте Бауыржан Момышұлының жеке тектік құжаттары сақталған. Сондай-ақ, батырдың 60 жасқа толуына орай атамекені Жуалы жерінде өткен кездесулерінен фото суреттері бар. Аталмыш іс-шара барысында «Ер Бауыржан есімі ұмытылмайды» атты фото-құжаттар көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде сонымен қатар, Жуалы аудандық атқару комитеті құжаттарының арасында Баукеңнің жауапты хатшы қызметін атқарған кезіндегі қол қойған қолы, анкетасы (көшірме), марапаттаулары қойылған.

Ұлы Отан соғысының қаһарманның бірі, ержүрек қолбасшы, қазақтан шыққан тұңғыш әскери жазушы Бауыржан Момышұлының өлмес мұрасын саралап, тағы бір рет ой елегінен өткізу болып табылады. Жалпы Ұлы Отан соғысының тарихы әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Баукеңнің майдан жайлы естеліктерінен, қаһарманның өзі жайлы жазылған туындылардан соғыстың ауыртпалығын танып білуге болады. Іс-шара мақсаты осы мақсатқа бағытталған.

Жиынға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, қоғам қайраткері Оңласын Есіркепов, өлкетанушы Мәскеу Ноқрабеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының оқытушысы, майор Құрманбек Оңалбеков, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Әлімбай Найзабеков, журналист Жарылқаысн Нұрәлиев, ақын Есет Досалы және қалалық, аудандық архив директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді облыстық архивтің директоры Көсемәлі Сәттібаев ашып, батыр Бауыржанға арналған фото-құжаттар көрмесімен бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы таныстырып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев батырдың Алматы қаласында өткен 70 жылдық мерей тойы жайлы естеліктер айтып, Баукеңнің өр рухы қазіргідей жастар арасында патриоттық тәрбиені жүргізуге аса қат екендігін тілге тиек етсе, өлкетанушы М.Ноқрабеков Бауыржан Момышұлының ана тілімізге сонау соғыс жылдардың өзінде алаңдаушылығын білдіріп, ұлт зиялыларының қаперіне салғандығын ұлтжандылыққа балады.
Қоғам қайраткері О.Есіркепов Баукеңнің өзінің туған жері Б.Момышұлы ауылындағы еңселі ескерткішінің бір тасада қалғандығын, Тараз-Шымкент күре жолының бойында еңселі жерге орнатса деген тілегін жеткізді. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының оқытушысы, майор Қ.Оңалбеков Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағының Ұлы Отан соғысының құрбандары мен қатысушыларына арналған керемет ескерткіш екендігіне тоқталып, осындағы «Даңқ» музейінің аға-ұрпақтың ерен ерлігіне кейіңгі ұрпақтың танып білуіне ұшан-теңіз үлес қосатындығын жеткізді. Жас Отан қорғаушыларды патриоттық тәрбиеге тәрбиелегенде батыр Баукең бабамыздың ғұмыры, соғыстағы ерлігі, бейбіт өмірдегі қалам қызметі өнеге екендігін баса айтты.

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Ә. Найзабеков Баукеңнің мол мұрасын зерттеп тану бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Баукең жайлы 30 томдық кітап жарық көрді. Енді алдағы оның жалғасы таба бермек.
Кеңес Одағының Батыры-даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген –Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастырған дөңгелек үстелі мағыналы да мәнді өтті.




Әдістемелік көмек

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің мамандары Г.Кулибаева, Д. Атышева, С.Сапарбекова, Э.Мирзаева және А.Айтенова Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқармалардың қызметкерлері мен архив ісіне жауапты мамандарына «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып істер номенклатурасы, құжаттардың құндылығын сараптау, қарастырылудағы құжаттар, тізімдемелер тізімі, құжаттарды қабылдау-беру және логин беру тәртібі түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




“Архив ісін дамытудың жаңа кезеңі”

“Архив ісін дамытудың жаңа кезеңі”




Әдістемелік кеңес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Жамбыл облысы әкімдігінің 6 сәуір 2020 жылғы №74 қаулысының негізінде құрылған), «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына әдістемелік кеңес көрсетілді. Әдістемелік кеңес іс жүргізу, істерді қалыптастыру, істер номенклатурасын сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне қосымша өзгерістер енгізілуіне (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылдың 15 сәуірдегі №93 бұйрығы) сәйкес көрсетілді.




Онлайн – уақыт талабы

Бүгін Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «COVID-19» коронавирусының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды сақтау мақсатында «Skype» қосымшасы арқылы қашықтықтан (онлайн режимінде) оқыту жұмысы жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ұйымдастырылған оқыту «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін түсіндіру жұмысына бағытталды.

Оқуға облыстық архив тарапынан барлық мекеме қызметкерлері толықтай карантин шарттарын сақтай отыра қатысты. Сонымен қатар, аудандық архивтерде қашықтықтан бір жүйеге қосылды.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Онлайн оқытуда номенклатура ісі, құжаттарды қабылдау, толықтыру көзі, тізім реестрі, құжаттарды өңдеу, сақтандыру фонды, құжаттарды сканерлеу, сараптау, құнды құжаттар, және өзге де бағдарламадағы функцияларда жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді.