ANTIKOR.LIVE
“ANTIKOR.LIVE” жобасына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің “Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі” басшысы міндетін атқарушы Ляззат Елтайқызының сұхбаты.
“ANTIKOR.LIVE” жобасына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің “Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі” басшысы міндетін атқарушы Ляззат Елтайқызының сұхбаты.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың жоспарына сәйкес Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері қазан айының 27-30 аралығында С.Сапарбекова мен А.Айтенованың көмегімен жинақтау көзі тізіміндегі «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстар жүргізілді.
#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері 2020 жылдың қазан айының 23-26 күндері аралығында С.Сапарбекова, А.Айтенова «Жамбыл облыстық Мәслихатының аппараты» КММ, «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ, «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ қызметкерлеріне «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» (ЭҚБАЖ) ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */
Ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып істер номенклатурасы, құжаттардың құндылығын сараптау, логин, пароль алу беру тәртібі және тағы басқа жұмыстары түсіндірілді.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында «Архивтік анықтама беру мемлекеттік қызметі» бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Бұл, әсіресе, пандемия кезінде барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілуіне байланысты архивтік анықтамаларды алуда қиналған егде кісілерге көмек болмақ. Сондықтан «Ашық есік күнінде» аталмыш мемлекеттік қызметтің қарапайым халыққа мүмкіндігінше қолжетімді және түсінікті ұғындыруға назар аударылды.
Архивтік анықтамалар беру мемлекеттік қызметін тікелей жүзеге асыратын облыстық архивтің маманы өтінішпен келушілерге заң аясында әдістемелік көмек көрсетіп отырады.
Осыған орай осы уақытқа дейін бірнеше электронды бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың басын біріктірген «Электронды үкімет» бағдарламасын халық кеңінен пайдалана бастады.
#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */
Бүгінде осы бағдарлама бойынша тұрғындар үйінде отырып-ақ, тіпті, ұялы телефоны арқылы жеке басына қажетті анықтамаларды сұратып алуына болады. Ол үшін әрбір азамат халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе онлайн түрде «электронды кілт» (ЭЦҚ) алса болғаны.
Бұл бағдарламада «Архивтік анықтама алу» тетігі де іске қосылған. Осы тетік арқылы әрбір қазақстандық азамат «Электронды үкімет» бағдарламасы бойынша республиканың кез келген аймағындағы мемлекеттік архивтерге сұраныс жасап, қажетті анықтамасын алуына болады.
Архивтік анықтамалар алу жөнінде өткен “Ашық есік күнін” Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры К.Сәттібаев ашып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесінің маңыздылығына, халыққа қызмет көрсетуде архив пен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жұмысының жауапты екеніне тоқталды. Директордың орынбасары А.Тыныбекова “Ашық есік күнін” жүргізіп отырды. “Ашық есік күніне” Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімінің бас маманы М.Жанабаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалдарының халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық бөлімдерінің басшылары, мамандары атап айтқанда, №1 бөлімнің маманы Б.Шайдилдаев, №2 бөлімнің маманы Н.Едилбай, №3 бөлімнің басшысы А.Айткулұлы және №4 бөлім басшысының орынбасары А.Сапаков келіп қатысып, өңіріміздегі және одан тыс жерлердегі адамдар үшін архивтік анықтама алуға байланысты қызмет көрсетуде ешқандай кедергі жоқ екендігін айтты.
“Ашық есік күніне” қатысуға арнайы келіп, өтініш айтқан қарапайым тұрғындар да көп болды. Мысалы, Қ. Әлішова өзінің өткен ғасырда Жамбыл қаласындағы тігін фабрикасында жұмыс істегенін, бірақ, өкінішке қарай, бүгінде ол кәсіпорын жойылып кеткендіктен сол кездегі жұмыс өтілі туралы анықтамаға қол жеткізе алмай жүргенін ортаға салды. Ал Қызылорда облысының тумасы С. Есжанова “Туу туралы куәлігі” туралы анықтама қажет екенін жеткізді. Г. Батырбекова №8 үй басқармасында істеген еңбек өтілі туралы анықтамаға зәру екен.
“Ашық есік күні” барысында тұрғындар айтқан осы мәселенің бәріне егжей-тегжейлі жауап беріліп, олардың сұраған құжаттарына қалай қол жеткізулеріне болатындығы түсіндірілді.
Айта кетейік, “Ашық есік күні” барысында облыстық архивтің ұйымдастыруымен “Өзіне өзі қызмет ету бұрышы” ашылып, онда қызмет көрсетіп отырған архив маманына өтініш айтушылар бірінен кейін бірі келіп жатты.
Үстіміздегі жылдың 21-22 қазан күндері «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Архив саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «ZOOM» платформалық бағдарламасы арқылы онлайн вебинар курсы өткізілді.
Кәсіби біліктілігін арттыру курсын «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының» бас директоры, т.ғ.д. Борис Әлікенұлы Жапаров ашты.
Онлайн курстың алғашқы күні ҚР Президенті архивінің жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы Жәнібек Зейнеловтың «Құжаттар құндылығына сараптама жасау, істерді қалыптастыру, ғылыми-техникалық аппарат құрастыру» тақырыбында лекциясы тыңдалса, одан кейін ҚР Президенті архивінің архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гаухар Бекішеваның «Архив құжаттарын сақтау және оның сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, мемлекеттік есепке алу» туралы оқыту сабағы жүргізілді.
22-қазан күні вебинар өз жалғасын тауып, ҚР Президенті архивінің жинақтау жәіне құжаттама басқармасының бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Әлия Сүлейменованың «Архив құжаттарын пайдалану және жариялауды ұйымдастыру, жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу» және ҚР Президенті архивінің архивтік технологиялар басқармасының басшысы Бақытжан Шайлазымовтың «Ақпараттық жүйені құру және пайдалану» тақырыптары жөнінде оқытылды.
ҚР Президенті архивінің басқарма басшылары архив жұмысы жөнінде өз тәжірбиелерімен Жамбыл, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды облысы мемлекеттік архивтерінің басшыларымен және қызметкерлерімен бөлісті.
Онлайн вебинар курсты «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының» бас директоры, т.ғ.д. Борис Әлікенұлы Жапаров қорытып, өңірлердегі архив саласы қызметкерлерінің қиын да қызықты жұмысына табыс тіледі.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, сазгер Дүйсеналы Дыбысалыұлы Бықыбаевтың жеке тектік құжаттарын Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің №1359 Қор, ” Мәдениет және өнер ісіне үлес қосқан жамбылдықтардың жеке тектік құжаттарының топтамасы”, № 3 тізімдемесіне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
#gallery-4 { margin: auto; } #gallery-4 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-4 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-4 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ АРХИВІ» ақпараттық жүйесін жүргізу жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері 2020 жылдың қазан айының 8 – 15 күндері аралығында С.Сапарбекова, Э.Мирзаева және А.Айтенова Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқармалармен департаментердің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» (ЭҚБАЖ) ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
#gallery-5 { margin: auto; } #gallery-5 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-5 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-5 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */
Ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып істер номенклатурасы, құжаттардың құндылығын сараптау, логин, пароль алу беру тәртібі және тағы басқа жұмыстары түсіндірілді.