Істер номенклатурасы бойынша әдістемелік кеңес

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері жинақтау көзі тізіміндегі «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына 2020 жылдың 6 қазаннында ҚР Мәдениет және спорт министрінің № 271 бұйрығымен өзгеріс енгізілуіне байланысты істер номенклатурасы бойынша әдістемелік кеңес берілді.




Әдістемелік көмек

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері С.Сапарбекова мен А.Айтенова Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына Құжаттардың бірыңғай архиві ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік көмекте құжаттардың бірыңғай архиві ақпарттық жүйесіне істер номенклатурасын енгізу және бөлімдер бойынша логин пароль беру жұмыстарын түсіндірді.
Сондай-ақ құрлымдық бөлімдердің ведомстволық архивке құжаттарды өткізуі, оны ведомстволық архивке жауапты маманның қабылдау ережесі бойыншада әдістемелік көмек көрсетілді.



“ҮЗДІК БАЛАЛАР ШЫҒАРМАСЫ” БАЙҚАУЫ

Еліміздегі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Жазушылар Одағымен біріге отырып “Үздік балалар шығармасы” байқауын жариялаған болатын.
Жуырда Алматыдан қуанышты хабар жетті. «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы ағамыздың балаларға арналған “Әппақ Шар туралы әуезе” атты ертегі-порвесі бірінші жүлдеге ие болыпты.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Қазақстан Жазушылар Одағындағы бәйгені 7 қараша күні табыс етпекші.
Көсемәлі ағамызға шығармашылық табыс тілейміз.



«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ»

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Еліміздің дамуына өз үлесін қосып, Тәуелсіз Қазақстанды жоғарғы деңгейге жеткізе білген, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Тұңғыш Президент күні мерекесі елімізде 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. Бұл мереке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына деген зор құрметтің белгісі.
Шын мәнінде, Елбасының салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақстанның тарихы түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ мемлекет атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды.
Осы мерекеге орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында, Тұңғыш Президент Елбасымыздың еңбек жолы мен дара саясатынан сыр шертетін фотосуреттер мен кітаптар көрмесі қойылды. Ол құжаттарда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1992-1994 жылдар аралығындағы Жамбыл жеріне келген жұмыс сапарларының көріністерін беріп отырмыз. Мұнда 1994 жылы Елбасын әуежайдан қарсы алу сәті, сол кездегі облыстың тізгінін ұстаған басшылармен, «Ұлан» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Ақалтеке жылқы тұқымдас өсіретін шаруа қожалығындағы, Тараз қаласында орналасқан «БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысу сәттерінен суреттер берілген. Сондай-ақ көрмеге Елбасымыздың 1990 – 2009 жылар аралығындағы саясатының, қызмет жолының шежіресінің тарихын тағылымдайтын кітаптар қойылған.



ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған топ мүшелерімен кездесу өткізілді.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Кездесуге жолдауды түсіндіру мақсатында «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Жамбыл облыстық филиалының бас маманы Ошанов Асылбек Есенбайұлы келді.

Жолдаудың қазіргі таңда барлық аймақта жан-жақты талқыланып, халық арасында қолдау тауып жатқандығы, Қазақстанның жаңа жаңару кезеңіне қатысты маңызды мәселелер жөнінде талқыланды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу бағытында көптеген жұмыстар атқарылғандығы туралы баяндалды.




«ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА САРАПТАМА ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ІСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Үстіміздегі жылдың қараша айының 11-жұлдызында «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Алматы қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен карантиндік талаптарды сақтай отырып, «ZOOM» платформалық бағдарламасы арқылы «Жеке тектік құжаттардың құндылығына сараптама жасау және қалыптастыру ісінің мәселелері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізілді.

Онлайн конференцияны Алматы қалалық архивінің қызметкерлері ашып, жеке тектік құжаттарды қалыптастыру, архивке қабылдау тәртібі, жариялау бағытында, әлемдік тәжірбиенің ұстанымдары жөнінде баяндама оқыды. Іс-шара барысында Алматы қалалық архивінің жетекшілігімен «Жеке тектік қордың әдістемелік нұсқаулығы» атты кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті. Конференцияда жеке тектік құжаттарды ғылыми тұрғыда жүргізу, жинақтау, сақтау, қор құрушының өмірбаянын қалыптастыру және т.б жеке тектік қорды қалыптастыру ісіндегі түйткілді мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Іс-шараға ҚР Президенті архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшылары мен қызметкерлері және Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Құжаттарды сақтау және есепке алу бөлімінің басшысы Ж.Есентаева мен Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы С.Зейнуллаұлы қатысты.




Е-АРХИВ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛҒАН МЕКЕМЕЛЕРГЕ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоспарға сәйкес 2020 жылдың 04 қарашасы күні сағат 11.00-де жинақтау көздері тізіміндегі «Е-архив ақпараттық жүйесі» орнатылған мекемелерге Электронды құжат айналымы, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі бойынша семинар сабақ («ZOOM» бағдарламасы арқылы) ұйымдастырды. Семинарға 40 мекеменің қызметкерлері қатысты.

#gallery-4 { margin: auto; } #gallery-4 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-4 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-4 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Семинар сабақта «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті” республикалық мемлекеттік мекемесінің «Е-архив ақпараттық жүйесіне» жауапты маман Х.Ж.Мырзагулова істер номенклатурасы бойынша және т.б сұрақтар қойып, оған архив қызметкерлерінен толық жауап алды. Тақырып бойынша өзге де сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді.