«ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» атты дөңгелек үстел

Өткен жыл еліміздің рухани әлемі үшін ерекше жыл болды. Өлең сөздің патшасы хакім Абайдың туғанына – 175 жыл толды. Жыл басында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел газеті – «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай сөзінің, Абай ілімінің бүгінгі заман үшін көкейкестілігі кеңінен сөз болды. Еліміздің барлық баспасөз беттерінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, жастар, ұлт зиялылары ұлы Абайдың тағылымы жөнінде толғана ой қозғады. Қазақстанда және өзге де шетелдерде Абай мұралары кеңінен насихатталып, ірі іс-шаралар өтті. Әлемді жаулаған пандемия кесірінен көптеген іс-шаралар онлайн режимінде өтті. Дегенмен Абай мұраларының өміршеңдігін халық сезіне білді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Биыл да еліміздің рухани әлемі үшін айрықша жыл. Жаһанға мәшһүр жауһар жырымен көзі тірісінде-ақ «XX ғасырдың Гомері» атанған ұлы Жамбылдың туғанына 175 жыл толмақ.
Осыған орай Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан «ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Карантиндік талаптарын сақтай отыра өткізіліп отырған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева, Қазақстаннның еңбек сіңірген әртісі Сейілхан Асқарбек, филология ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Құлбарақ Сәмен, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі Орынбасарова Мағрифа Сыздыққызы, облыстық архивтің директоры Көсемәлі Сәттібаев, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпеков, архив және құжаттама бөлімінің қызметкерлері Ширтаева Данира Хамитқызы, Жаңабаева Мәрия Әбсаматқызы және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева ашып, жүргізіп отырды. Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы облыстық архивте сақтаулы газет қиындыларынан жыр алыбы Жамбылдың 100,130,150 жылдық мерейтойларына орай шығарылған мақалалар, жыр алыбының өмірінен сыр шертетін суреттерімен және Ұзынағаш ауылындағы «Жамбыл әдеби-мемориалдық музейде» сақталған Жамбылдың суреттері туралы баяндады. «Жамбылдың жастық шағы» атты кинофильмнен үзінді көрсетілді.



АРХИВ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ЖИЫН

2021 жылдың ақпаның 19 жұлдызында «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесі бойынша басқарма басшысының орынбасары С.Мадиеваның төрағалығымен облыстағы он екі архив мамандарының қатысуымен «Тараз қалалық мемлекеттік архиві» мекемесінде жиын өтті. Аталған жиынға “Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ” мамандары қатысты.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Жиын барысында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ақпараттық жүйе бойынша жүргізілген жұмыстар мен нәтижелер, стастикалық есеп, АЖ-ге құжаттарды енгізу, мәліметтерді тіркеу және т.б. мәселелер кенінен талқыланды.



ЖАҢА БАСШЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВКЕ БАРДЫ

Ерлан Нұрманұлы өзінің танысу жұмыстарын Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде жалғастырды.
Жаңа басшы мекеменің ұжымымен танысып, жұмыс мазмұнының жай-күйінен хабардар болды. Нақтырақ айтқанда, құжаттарды сақтау қоймасы, erlik.kz сайты және оның дайындалу, жүзеге асу барысы мен қызметі, құнды құжаттарды электронды жүйеге өткізудегі мәселелермен танысты.
Облысымыздағы тарих шежірешісіне айналған мекеменің тынысымен таныс болған басшы қызметкерлердің талап-тілектерін тыңдап, барша қызметкерлерді алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Жинақтау жұмыстары

Кәсіподақтар саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер, Жамбыл облысының Құрметті азаматы атағының иегері Шапай Сахыпкерейұлы Құрамысовтың және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Жамбыл обьлысының, Мойынқұм, Меркі, Шу және Жуалы аудандарының Құрметті азаматы Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақовтың жеке тектік құжаттарының топтамасын Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің №1358 «Жамбыл облысы мемлекет және қоғам қайраткері және Халық Қаhармандарының жеке тектік құжаттары топтамасы» қорына қабылдау үшін жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

#gallery-4 { margin: auto; } #gallery-4 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-4 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-4 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде негізгі атқарылатын жұмыс түрі құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау болып табылады

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде негізгі атқарылатын жұмыс түрі құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау болып табылады.
Архивтік құжаттарын жинақтау көздерінен қабылдауды жинақтау көзі болып табылатын ұйым басшысымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде архив құжаттарына физикалық жай-күйіне және аса құнды жиынтықтылығына тексеру жүргізіледі. Тексеру аяқталған соң, мемлекеттік есепке енгізіледі.
Осы мақсатта “Тараз институтының жеке құрам бойынша” құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмыстары жүргізілді.



Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бас қосты

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бас қосты.

#gallery-5 { margin: auto; } #gallery-5 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-5 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-5 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулыларына 102-1,103-2,103-2,103-3,103-4,103-5,103-6,103-7,103-8,103-9 тармақтарымен толықтырылып, өзгерістер енгізілуіне байланысты мәселелер талқыланды.



Жамбыл облысы мемлекеттік архиві марапатталды!

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында семинар өтті.
Семинарға мәдениет саласының жетекшілері мен мамандары қатысты. Ал аудандық архив, музей мекемелері бейне байланыс арқылы қатысып отырды. Онда өткен 2020 жылы атқарылған жұмыстың нәтижелері қорытындылап, биылғы жылғы міндеттер баян етілді.
Семинарда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Мәдиева бір қатар мәдениет мекемелерін жыл бойы атқарған жұмыста үздік нәтитже көрсеткені үшін марапаттады. Олардың қатарында «Ақпарат жариялау ісіне жауапкершілік танытып, жеделдік пен объективтілік үлгісін көрсеткені үшін» Жамбыл облысы мемлекеттік архиві марапатталды.