Туған елге мың алғыс!

“Туған елге мың алғыс!” бейне -эстафетасы челленджін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры мен Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан қабыл ала отырып, Тараз қалалық мемлекеттік архиві мен Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейіне жолдайды.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің ұжымы еріктілерге өз алғыстарын жеткізеді.

Опубликовано Жамбылом Облысының Четверг, 4 марта 2021 г.




ЭҚБА АЖ бойынша әдістемелік көмек

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкері Э.Мирзаева жинақтау көзі тізіміндегі ЭҚБА АЖ енгізілген «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің АЖ жауапты мамандарына ЭҚБА ақпараттық жүйемен жұмыс жүргізіу бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

 




АРХИВ АРДАГЕРЛЕРІ АРХИВТЕ

Бүгін Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында архив саласына еңбегі сіңген ардақты ардагерлеріміз қонақта болды. Алдымен сөз алған мекеме басшысы Көсемәлі Сәттібайұлы ардагерлердің атқарған еңбектеріне алғысын айтып, өз лебізін білдіріп, құттықтады.
Ардагерлер қатарында басқарма басшысы болған Нұргүл Құлтайқызы, облыстық архивтің директоры қызметін атқарған Қалдыкүл Икрамханқызы, архив саласына еңбегі сіңген Жанна Зарипқызы, Гүлсара Сейітқызы келді. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған құжаттар көрмесімен бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы таныстырып, Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа, облыстың 80 жылдығына арналған көрмені тамашалады.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




ТҰСАУКЕСЕРГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

2021 жылдың 12 наурызы күні сағ. 12:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында (онлайн zoom платформасында) аталған еңбектің тұсаукесері болады. Тақырыпқа қызығушылық білдірген зерттеушілерді, қоғам белсенділерін тұсаукесерге шақырамыз.
Жинақтың тұсаукесеріне сілтеме мен толық ақпарат қосымша хабарланатын болады. Кітап мың данамен шықты. Жақын уақытта елдің ірі кітпаханаларына таратылады.



БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР – БІР ХАЛЫҚ

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1-наурызды елімізде “Алғыс айту күні” деп алғаш жариялағанына 5 жыл толуына орай Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде «Бір ел – Бір тағдыр – Бір халық» атты құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Құжаттар көрмесіне Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде сақтаулы облыстық партия комитеті, облыстық атқару комитеті жанындағы арнайы эвакуацияланғандар бөлімі, Ассамблеяның құжаттары қойылды. Онда соғыс жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстанға, Жамбыл жеріне жер аударылған шешен-ингуш ұлттары туралы, 1946 жылғы балалар үйіндегі поляк ұлты балаларының тізімі, эвакуацияланған коммунистердің тізім, Харьков қаласынан эвакуацияланған отбасылардың тізімі, жер аударылғандарды аудандарға бөлу туралы, 1943 жылы Қордай ауданына эвакуацияланғандарды жұмысқа орналастыру туралы баяндамалардың, поляк ұлты туралы 2020 жылы архив құжаттары негізінде жарық көрген «Қоныстанушылар» атты кітаптар қойылды.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген «Жаһанға мәшһүр жауһар жыры» атты дөңгелек үстел «77 TV» жаңалық қызметінен көрсетілді.

24.02.2021 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген «Жаһанға мәшһүр жауһар жыры» атты дөңгелек үстел «77 TV» жаңалық қызметінен көрсетілді.




1 наурыз – “Алғыс айту” күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы “Туған елге мың алғыс” челленджін басқармаға қарасты мекемелерге жолдайды!

1 наурыз – “Алғыс айту” күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы “Туған елге мың алғыс” челленджін басқармаға қарасты мекемелерге жолдайды!

Опубликовано Жамбылом Облысының Пятница, 26 февраля 2021 г.