САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен облыс әкімдігі жанынан қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі комиссия құрылған болатын.
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау.
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 10 жұлдызында облыстық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссия отырысының төрағасы – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жұматұлы.
Облыс әкімдігінің ғимаратында өткен комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Б. Жамангозов, облыстық прокуратураның №5 басқармасының бастығы Ғ.Даненов, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С. Мәдиева баяндама жасады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, комиссияның жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ құрамына облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары С.Қ. Мадиева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті С. Бақторазов, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры С. Қалиев, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры К. Сәттібайұлы, облыстық архивтің бөлім басшылары Ж. Есентаева , С. Зейнуллаұлы енді.



Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» атты көрме

Аудандық архив қызметкерлері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» атты көрмені тамашалады.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында ҚБЭА АЖ бойынша жиын болды. Жиынға облыстық, қалалық және аудандық архив мамандары қатысты. Жиын барысында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Айгүл Мадешқызы Кисикова жиынның маңыздылығын, архив саласындағы электронды архивке көшу барысындағы жаңашылдықты атап көрсетті. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің маманы Ержан Әбілтаев электронды цифрлы форматқа көшірілген құжаттарды ҚБЭА АЖ енгізу тәртібіне түсіндірме жүргізді.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ

«Тараз қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» көрмесі таныстырылып өтті.




Аяулы аналарға мың алғыс

8-наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы аналарға мың алғыс» тақырыбында құжаттар көрмесі

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




«Ұлттық киім- ұлт мәдениеті!»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында ұлттық киімді кеңінен насихаттау мақсатында 2021 жылдың 1-18 наурыз аралығында өтетін челленджден облыстық мемлекеттік архивінің ұжымы да шет қалмады.
Басқарма тарапынан бекітілген кестеге сәйкес, бүгін архив қызметкерлері қазақы ою-өрнектер, сәнді нақышта тігілген ұлттық киімде жұмысқа келді.
Ұлт болмысын өзгелерден ерекшелеп көрсететін ұлттық киімдерді ұлықтауда бұл іс-шараның маңызы зор.

#gallery-4 { margin: auto; } #gallery-4 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-4 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-4 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы мәдениет саласының еңбек ардагерлері мен озаттарын, жалғызбасты және көпбалалы аналарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Басқарма басшысының м.а. аналарымызды құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Жүнісбай Ерлан Нұрманұлының құттықтауынан соң Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының үлкен залында Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясы көрсетілді.

#gallery-5 { margin: auto; } #gallery-5 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-5 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-5 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */