Облыстык архив мекемесінің қызметкерлері сенбілікке қатысты

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




«ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» көрмесі таныстырылып өтті

«Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ЖАҺАНҒА МӘШҺҮР ЖАУҺАР ЖЫРЫ» көрмесі таныстырылып өтті.




15-НАУРЫЗ-ШЕЖІРЕ КҮНІ

Шежіре күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.
Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады.
Қазақ халқының ата шежіресі ерте кезден сақталған. Оған “Жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын жер, Жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын жер” деген аталы сөздер дәлел бола алады. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы әркімнің ата жағынан тегін таратудың нақтылы жүйесі. Қазақ баласы өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасының нақты есімдерін кішкентайынан жаттап өседі.
Шежіре зерттеушілер: туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші; іргесі алшақтау болса – жерлес. Жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар) – қандас; бір ата 13 атадан асса – ру; бірнеше ру қандастықпен, не ортақ мүддемен біріксе – тайпа; өзара қоғамдасып, жүз болып қауымдасқан тайпалар біріксе – халық немесе ел, оның ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экон. тәуелсіздікке қолы жетсе – мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, жері, әлеум. рух, жігері, этн. ерекшелігі ортақтасып, дараланса – ұлт болады деген тұжырымға тоқтаған. Сол сияқты “жеті ата”, “ата-бабалар”, “немере ағайын”, “жамағайын”, “қалыс ағайын” деген атаулардың да нақты анықтамасы бар. Жеті ата: әке, ата, әз ата (бұл үшеуі аталар), баба, тектік, төркін, тұқиян (бұл төртеуі бабалар). Осы жетеуі бірігіп “Ата-бабалар” аталады. Ал 3 ағайын, 15 ұрпақ былайша жіктеледі: а) Немере ағайын: бала, немере, шөбере, шөпшек, өбере; ә) Жамағайын: туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағат; б) Қалыс ағайын: өркен, әулет, зәузат, жаран, қалыс. 15 буынды бұлайша бөлу қазақтардың өзін, ата-бабасын, өткен күнін, болашағын өмір бойы қадағалап, анықтап отыратынын көрсетеді.



16 наурыз – Жайлау күні

Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.
Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.



Ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік көмек

Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің бас сарапшысы Д.Атышева жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотына барып, мекеме құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.




14 наурыз – Көрісу мейрамы

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.




ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНЫП, ТАҒЫЛЫМ АЛАЙЫҚ

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында “Ұлы даланың ұлы есімдері”, “Қожаберген батыр Жәнібекұлы” және “Әулиеата өңіріндегі ашаршылық” деп аталатын кітаптардың тұсаукесері өтті.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Тұсаукесерді институт директоры Зиябек Қабылдинов ашты.