«ЖАПЫРАҚ – ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ ӘДЕБИ ЖЫР КЕШІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ

«ЖАПЫРАҚ – ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ ӘДЕБИ ЖЫР КЕШІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың
75 жас мерейтойына арналған «ЖАПЫРАҚ – ЖАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ»
атты әдеби-сазды жыр кеші Руханият орталығында өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан архив қорында сақтаулы “Жамбылдық ақын-жазушылардың жеке тектік құжаттары” топтамасындағы Күләш Ахметованың жеке тектік құжаттарынан көрме жасалынып, көрермен назарына ұсынылды.
Ақынның жары Қайырбек ағамыз өткен шақтарын еске алып, мекеме басшысы К.Сәттібайұлына алғысын білдірді.
Көрмеде К.Ахметованың өмірбаяны, Кенен Әзірбаев, Д.А.Қонаев, Ф.Оңғарсынова, Елбасымыз Н.Назарбаев, қазақ және орыс жазушыларымен бірге түскен суреттері, марапаттаулары мен басылым беттеріне шыққан мақалалары, кітаптары қойылды.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген №3 қор құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген №3 қор құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің архивисті С.Сапарбекова «Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Құжаттардың бірыңғай архиві ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің архивисті С.Сапарбекова «Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Құжаттардың бірыңғай архиві ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік көмекте құжаттардың бірыңғай архиві ақпарттық жүйесіне істер номенклатурасын енгізу және бөлімдер бойынша логин пароль беру жұмыстары көрсетілді.

#gallery-3 { margin: auto; } #gallery-3 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-3 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-3 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




2019 жылы алғаш бой көтерген Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында, орталықтың қорын толықтыра түсу үшін Шерағамыздың көзін көрген қаламдас бауырлары, жамбылдықтар өз кітаптарымен, оның суреттерімен, жекелеген жазбаларымен бөлісуде.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры Көсемәлі Сәттібайұлы Шерхан ағамыздан алған сұхбаттарын, онымен түскен суреттерін, әр жылдары жарық көрген кітаптарын мекеме қорына тапсырды.
Сонымен қатар, “77тв” телеарнасының журналистеріне Шерхан Мұртазамен кездесулерін, алғашқы алған сұхбатын еске алып, әдемі естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Шерағаңның есімімен аталған руханият орталығының жұмысына табыс тілей отырып, жекелеген ұсыныстарын айтты.

#gallery-4 { margin: auto; } #gallery-4 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-4 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-4 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */




Жазушы-журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы Шерхан ағамыздан алған сұхбаттарын, онымен түскен суреттерін, әр жылдары жарық көрген кітаптарын Руханият қорына тапсыру сәті.

Жазушы-журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы Шерхан ағамыздан алған сұхбаттарын, онымен түскен суреттерін, әр жылдары жарық көрген кітаптарын Руханият қорына тапсыру сәті.




ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ДӘУЛЕТ ЖАМАУБАЙҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ДӘУЛЕТ ЖАМАУБАЙҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ.

#gallery-5 { margin: auto; } #gallery-5 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 33%; } #gallery-5 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-5 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

 

 




ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРДЫ АРХИВКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ

ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРДЫ АРХИВКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ
1998 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сүйене отырып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі М.Рахымжанованың және Ұлы Отан соғысының ардагерлері – А.Сандыбаев пен Т.Жамбыловтың жеке тектік құжаттарын мемлекеттік деңгейде орталық есепке алу жүйесін және олардың алғашқы жинақталған құжаттары Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің мемлекеттік сақтауында екенін ескере отырып, Тараз қалалық архив қорында жинақталып, сақтауда тұрған Мәкен Рахымжанованың және Ұлы Отан соғысы ардагерлері – А.Сандыбаев пен Т.Жамбыловтың құжаттарын Жамбыл облысы мемлекеттік архивіне мемлекеттік сақтауға қабылдау рәсімі.