АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВШІЛЕРІ – АРХИВТЕ!

Облыстық архивке іс-тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысының мемлекеттік архивінің Ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімінің басшысы А. Каримжанова, архивист А. Тастекеева, Жамбыл филиалының директоры Ж. Шалгинбаева, Ұйғыр филиалының архивисті И. Асқаров келді.
📍Оларға “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” ақпараттық жүйесімен, құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, қабылдау, сақтау және жариялау бағыттарында атқарылып отырған жұмыстар таныстырылды.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану» бойынша №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Жамбыл көлік прокуратурасына іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек және кеңес көрсетілді.



АУДАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ТӘЖІРБИЕ АЛМАСУ

“АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ” МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Д.ДЖАЙШЫБЕКОВА “Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНДЕ” ТӘЖІРБИЕ АЛМАСУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ.
Возможно, это изображение 2 человека и текст



“АРХИВ-2025: НӘТИЖЕЛЕР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР” ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау мәселелері мен перспективалары
📌 Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде “Архив-2025: Нәтижелер мен мәселелер” атты тақырыпта ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтуде. …

Ещё



“АРХИВТІ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУ” туралы дөңгелек үстел

Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының құрылғанына 85 толуына орай облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерімен бірлесе отырып, “Архивті жеке тектік құжаттармен толықтыру жолдары” аттты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
📌 Дөңгелек үстелге кітапхана қызметкерлері, Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Г.Кулибаева, бас сарапшы Д.Атышева, Архив құжаттарын жариялау бөлімінің басшысы С.Зейнуллаұлы мен “ALEM” кәсіби білім беретін колледждің 2-курс студенттері қатысты.
📎 Іс-шара барысында архив құжаттары негізінде дайындалған “Мәдениет және өнер қайраткерлерінің жеке тектік құжаттары” атты тақырыпта көрме таныстырылды.
🔍 Студенттерге облыс көлемінде архив саласының құрылуы мен даму тарихы, қор құрамы мен құрылымдық бөлімшелер, жеке тектік құжаттарды қабылдау жолдары түсіндіріліді.



📚 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының және Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің сараптау тексеру комиссиясының бірлескен алғашқы отырысы өтті.

📚 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының және Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің сараптау тексеру комиссиясының бірлескен алғашқы отырысы өтті.
#архив2025



🔱МҰРА ИНСТИТУТТАРЫ ҚОҒАМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРХИВШІЛЕРІНІҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ

📌 Алматы қаласында 2-4 қазан күндері «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты тақырыпта Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресі өтуде.
📍 Іс-шара барысында өзгермелі климат жағдайындағы архивтеудегі қиындықтарды жеңу, мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру тақырыптары аясында өрбіп, баяндамалар оқылды.
✒️ Конгреске Өзбекстан, Қытай, Ресей секілді алыс-жақын шет мемлекеттердің азаматтары мен қатар, өңірлік архив басшылары мен мамандары, облыстық архивтің автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің басшысы А.Қыстаубай қатысты.
#архив2025