Комиссия мүшелері №7 қор құжаттарының №21-30 бумаларына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді

 

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №21-30 бумаларына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



«Руханият және тарихтану» орталығында өткен кеңесте мәдениет саласын дамыту мәселелері сараланды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өткен кеңесте мәдениет саласын дамыту мәселелері сараланды.




ЭҚБА АЖ енгізілген қорлар мен істерді тексеру барысында

“Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві” ақпараттық жүйесіне (ЭҚБА АЖ) енгізілген қорлар мен істерді тексеру барысында.




ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкері Д.Атышева Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңесінің құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізу барысына әдістемелік көмек көрсетті.



Комиссия мүшелері кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.

      Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №11-20 бумаларына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
      Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



«Зұлмат жылдар зауалы» тақырыбында дөңгелек үстел

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар зауалы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараға өлкетанушы-тарихшылар,саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары және облыстық газет және телеарна корреспондентері шақырылған болатын. Кіріспе сөзді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Мәдиева Сара Қабылбекқызы бастап, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталған болатын. Сөз кезегін одан әрі өлкетанушы-тарихшылар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері жалғастырып ой өрбіткен болатын.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Сондай-ақ, 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай облыстық архив құжаттары негізінде слайд-презентация көрсетілді
Тәуелсіздік таңымен бірге жазықсыз жазаланған арыстарымызды ақтау дәуірі басталды. Ашаршылықтан ес жиналмай жатып, сталиндік қанды террор мен жаппай репрессияның қасіреті төнді. Мыңдаған қандастарымыз жазықсыз жазаланды. Айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Зұлматты жылдары Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылғаны белгілі. Ал Жамбыл облысы бойынша «халық жауы» деген жалған жаламен 5 мыңнан адам жазаға тартылып, соның 845-і атылған. Олардың қатарында Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Сыдық Абланов, Мақсұт Жылысбаев, Әшір Бүркітбаев, ағайынды Нұршановтар, тіпті көпшілікке белгілі экономист, қаржыгер, академик Түймебай Әшімбаев пен даңқты қызылшашы Дариға Жантоқова апамыз да бар.
Елбасының 1993 жылдың 14 сәуіріндегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңын қабылдауы үлкен серпіліс әкелді. Қайта-қайта тарихқа үңіліп, құжаттарды парақтап, зерделеу, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көптеген кітаптар шығарылып, мақалалар жазылды, ғылыми сараптаулар жасалынды. Нәтижесінде тарихымыздағы «ақтаңдақ» беттер ел есінде мәңгі сақталуы үшін 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, оларды жазықсыз жағылған қара күйеден аршу бүгінгі ұрпақтың парызына айналды.
Ал, биылғы 2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Халқымыз үшін қасіретті кезең сол заманның құрбандарын еске алу баршамыздың, келер ұрпақтың мәңгі борышы. Өйткені тағдыр-талайымен тұтас бір ұлттың бұлай күйрей қырылуы адамзат тарихында сирек кездеседі.
Ендеше сол зұлмат жылдардың құрбандарының әруағына тағзым етіп, бас иейік! Қазақ халқы барда олар еш уақытта ұмытылмақ емес.
Қасиетті Қазақ елінің шаңырағы биіктеп, керегесі кеңейген заманда өмір сүріп жатырмыз. Енді осынау бақытты кезеңнің бағасын біліп, қадіріне жетейік. Қазақ елі өсіп-өркендеп, өсе берсін!



ИМАНЖҮСІП РУХЫНА ТАҒЗЫМ

“Бір жанды жан ашитын таба алмадым,
Тағдырдың айдауымен кетіп барам”
деп өкіне ән шырқаған ақын, батыр, халқының күрескер мінезді перзенті Иманжүсіп Құтпанұлы 1931 жылы Әулиеата- Мирзоян түрмесіне қамалып, қазіргі Тараз қаласының батыс жағындағы төбеде атылып кетті.
Бүгінгі жұмыс күнін сол коммунистік қуғын-сүргін жылдарында арманда кеткен ата-бабаларымыздың жаны жай тапқан жерге барып тағзым етіп, рух-шәріптеріне құран бағыштаудан бастадық.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */