Қор тізімдемелерін мұқабалау, тігу, жаңғырту, санын көбейту жұмыстары

Жеке құрам бойынша қор тізімдемелерін мұқабалау, тігу, жаңғырту, санын көбейту жұмыстарын жүргізу барысы.




ЭЦФ құжаттарға кезекті тексеру жұмыстары

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №41-60 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



Вакциналау науқаны ұйымшылдықпен өтуде

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші Жамбыл облысы мемлекеттік архив қызметкерлері КВИ-ға қарсы вакцинаны қабылдады. Вакцина салу ерікті түрде жүргізілуде. « Өз өміріміз бен жақындарымыздың денсаулығы үшін батыл қадам жасайық» дескен мекеме ұжымы ұйымшылдық көрсете отырып, қауіп-қатердің жолын кесетін вакцинаны өзгелердің де қабылдауын жеткізді.



Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау мәселесі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау мәселесі бойынша арнайы жұмысшы тобын құрып, жұмыстар атқаруда.
Алдымен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің 282-қорында Жамбыл облыстық партия комитетінің құжаттарында кезінде «халық жауы» болып, кейін 1989-1991 жылдар аралығында ақталған коммунистердің персоналдық жеке істері, ақтау істері, партиялық бақылау комиссиясының отырыстары, коммунистердің істерін қайта қарау туралы 300-ге жуық құжаттарды зерделеп, арнайы кестеге толтыруда.
282-қорының 75, 80,81 тізімдемелердегі 187-бумасындағы құжаттарды қарай отырып, ашық ойы, ғылыми дәлелі, сенімі, пікірі, арманы үшін сотпен емес, «үштіктің» шешімімен сотталған, атылғандар бар.
Өздеріңіз білетіндей, құпия құжаттарды көбі қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу, Ақпараттық-талдау орталығы секілді арнайы архивтердің жабық қорларында сақталған.
Жоғарыда атап өткендей, жазықсыз жазаланған азаматтар туралы Жамбыл облыстық архив тарапынан 2014 жылы Жамбыл жерінде туған, еңбек еткен, жазықсыз жазаланған, кейін ақталған азаматтар туралы қысқаша мәліметтермен қамтылған «Жазықсыз жазаланғандар» атты кітап жарияланды. Кітаптағы мәліметтер республикалық, облыстық басылым беттерінен алынған және облыстық партия комитеті құжаттарының мәліметтері енгізілген.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан құрылған арнайы жұмыс тобының бір бөлігі Жамбыл облыстық сотының құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Түрлі жағдайларда айыпталған азаматтардың жеке істерін анықтап, сотталу бабына сәйкес, талдамалық жұмыстарын қатар жүргізеді.



№70 қор істерінің толықтығы мен жәй-күйін тексеру жұмысы

Архивтік құжаттарды электрондық нұсқаға көшіру барысында №70 қор істеріне толықтығы мен жәй-күйін тексере отырып, зақымданған парақтарына жаңғырту іс-шарасы жұмыс барысында атқарылуда.




№86 қор істерінің толықтығы мен жәй-күйін тексере отырып, зақымданған парақтарына жаңғырту іс-шарасы

Архивтік құжаттарды электрондық нұсқаға көшіру барысында №86 қор “Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің” істеріне толықтығы мен жәй-күйін тексере отырып, зақымданған парақтарына жаңғырту іс-шарасы жұмыс барысында атқарылуда.




ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ IV ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен ынтымақтастықта жыл сайын ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өткізеді. ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған дәстүрлі жазғы мектеп биыл алғаш рет 21-23 маусым аралығында бейнеконференция форматында өткізілуде.
Жас архивистер форумының алғашқы күні бойынша – Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 250-ден астам адам бейнеконференцияға қатынады. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері де бұл форумға қатысып, ауқымды ақпараттан хабардар болды.
Форумда архивтерді цифрландыруға, электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету проблемаларына, архивтердің күнделікті қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мен қолдануға, электрондық құжаттармен жұмысты реттеуде цифрлық дипломатия мәселелеріне, архив құжаттарының түпнұсқаларын сканерлеу, сондай-ақ шетелде электрондық құжат айналымын реттеудің заманауи тенденцияларына басты назар аударылды.