ЭҚБА АЖ бойынша жұмыстар жалғасын табуда

        “Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві” ақпараттық жүйесіне (ЭҚБА АЖ) енгізілген қорлар мен істерді тексеру барысы.




Әдістемелік көмек көрсетілді

Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің мамандары 10.03.2022 жылы «Жамбыл облыстық Мәслихатының аппараты» КММ-не «Құжаттардың біріңғай электронды архиві» ақпаратты жүйесінде «ӘКІМШІ» ролінің жұмысын, істер номенклатурасын енгізу, редакциялау және т.б. мәселелер, «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ-на ведомстволық архивтегі құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.




Аттестаттаудан өткізу барысы

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу барысы




Цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жалғасын табуда

        Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №51-60 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.




Өзге өңір архивтерімен тәжірибе алмасу жұмыстары

Өткен аптада Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Алматы қаласына іс-сапармен келген болатын. Қалалық архивте қонақта болып, «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе алмасқан болатын.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

       Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері Д.Атышева мен Г. Кулибаева жинақтау көзіндегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысының әділет департаментінің «Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметкерлеріне Ұлттық архив қорының құжаттарын өңдеу жөнінде және «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесінің жұмыс жүргізуді және құжаттарды электронды түрге енгізу тиімділігін түсіндіру бойынша әдістемелік көмек көрсетті.



Цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жалғасын табуда

      Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №31-40 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
      Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.
#ЦИФРЛЫҚҚАЗАҚСТАН, #Архив2025